Сабақ жоспары: Пәні: Бағдарламалық қамтамассыз етуді әзірлеу әдістері мен стратегияларын тандау



бет3/3
Дата17.02.2023
өлшемі30,15 Kb.
#68734
түріСабақ
1   2   3
1 – бағдарламаҚарапайым программа. 
public class Hello {
public static void main(String[] args) {
System.out.print("Java әлеміне қош келдіңіз!");
}
}
Аталған бағдарлама хабарламаны консольге (немесе бұйрық қатарына) шығарады. (01) қатарындағы Hello атаулы кластың сипаттамасы келтіріледі, онда тек бір ғана main()(02) әдісі бар. Бағдарлама іске қосылған кезде басқару осы әдіске беріледі және хабарлама жылдам консольге шығарылады.
Ең басында процестің қалай жинақталғанын түсінуге тырысып қажеті жоқ, тек мынаны есте ұстаған жөн: түйін print әдісін қолданатын System.out тұрақты шығару объектісі деп аталатын құрылыммен орындалады. Println әдісі қатар шығарылуынан соң курсордың жаңа бір класқа өтуін орындауға мүмкіндік береді.
2 – бағдарлама. Мәтінді бірнеше қатарлармен шығару. 
public class Hello2 {
// Java қосымшасы орындалуда, main әдісінен басталады
public static void main(String[] args) {
System.out.println(" Java \nәлеміне \nқош \nкелдіңіз!");
} // main әдісінің аяқталуы
} // Hello2 класының аяқталуы


Сабақты бекіту тапсырмалар: 

 №

Тапсырма

1

Консольге келесі символдар жиынын шығару:
а=1, c=a+1 m=2, n=3 теңдеулер шешімі
b=6, d=b*2-1 p=4, g=5 түбірлерді табу

2

Консольге келесі символдар жиынын шығару:
1
1 2 3
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5 6 7

3

Консольден n бүтін сандарды шығару және тақ пен жұп сандарды табу.

4

Консольден 3 пен 9-ға бөлінетін n бүтін сандарды шығару.

5

Консольден 5 пен 10-ға бөлінетін n бүтін сандарды енгізу.

6

Консольден n бүтін сандарды енгізу және осы сандар ішінен жай сандарды табу.

7

Консольден n бүтін сандарды енгізу және олардың арасынан Фибоначчи сандарын табу: f0=f1=1, f(n)=f(n-1)+f(n-2)

8

Мәндері тура және кері ретте сәйкес келетін полиндром сандарды шығару.

9

Консольден n бүтін сандарды енгізу, онда n және m екі бүтін оң сандары үшін p = m/n ондық бөлшегінің периодын шығару.

10

Консольден n бүтін сандарды енгізу, енгізілген n үшін Паскаль үшбұрышын құру.

11

Жаңа қатарға өтуі бар және жоқ үш қатарды шығаратын қосымша жазу.

12

Бұйрық қатарынан құпиясөз енгізу үшін қосымша жазу және оны үлгі-қатармен салыстыру.

13

Қатарларды бұйрық қатарының аргументтері түрінде болатын енгізу және олардың консольге шығарылу бағдарламасын жазу.

14

Құрушының тегін, тапсырману алған күні мен уақытын, сонымен қатар тапсырманы тапсыру күні мен уақытын шығарып беретін қосымша жазу. Соңғы күні мен уақытын алу үшін java.util.* дестесінің Date класын (Date d = new Date(); жариялануы) немесе System.currentTimeMillis() әдісін қолдану.

15

n санын m-ші дәрежеге шығаратын бағдалама жазу. Кіру деректері пернетақтадан келіп түседі. Нәтижесі экранға шығарылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет