«Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледж» МКҚК
(оқу орнының атауы)
Сабақ жоспары
Пәннің/модульдің атауы:
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Оқытушы
|
|
Калкишев Н.Г.
|
Күні:
|
23.11.2023
|
|
Курс:
Топ:
|
1
ДИЗ-23
|
|
|
Бөлім атауы
|
10-тарау. Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Студент\ткеҰлықбек Есдәулет шығармасы арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой қозғау
|
Бағалау критерийлері
|
монолог құрылымын сақтайды;
айтылымда сөз әдебін сақтайды;
тыңдаушыны қызықтырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Қара пима, бала, әке, ақ түтек боран, т.б.
|
Құндылықтар
|
Азаматтық жауапкершілік
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Бейнематериал көрсетіледі
|
бейнеролик
|
5 мин
|
1-тапсырма. Поэмадан алынған үзінділер туралы сөйлес.
А) Неліктен шығарма төмендегідей өлең жолдарымен басталады?
Алай да дүлей ақ боран,
Ысырып,
Ұйтқып,
Бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан,
Қақпақыл қылар жұлқылап...
Ә) Маскүнем адамдарға тән қандай әдеттер келесі шумақта аталады?
Ішуге сылтау табылар,
«Ішемін,-дейді,-күйіктен:
Қызған соң айтар әні бар:
«Өмір-ау, неткен сүйікті ең!»
Б) Алынған үзінді шеңберінде балаға қандай мінездеме берер едің.
Қызып ап кейде «сорлым» деп,
Құшақтап ұлын жылайды.
«Арақты енді қойдым» деп,
Төсекке барып құлайды.
Әкесін сонда бас салып,
Кемсеңдеп,
ернін тістелеп
Көзінен ыстық жас тамып,
Жалынар:
«Папа ішпе!» - деп...
В) Анасы баласының түсіне не себепті енді деп ойлайсыңдар?
Поэмаға қайта оралсақ:
Кетемін! Бол, - деп, - хош аман...
Анасы ғайып жоғалды.
- Кетпеші, Мама «бес» алам!..-
- Кемсеңдеп бала оянды,
|
Үлестірме материалдары
|
Сабақтың ортасы
8 мин
|
2-тапсырма. «Қазіргі заманның індеті» тақырыбында постер дайында. Айтатын ойыңды жоспарлап ал. Өлең мәтінін қолдан.
Оқылым мәтіні:
Алай да дүлей ақ боран,
Ысқырып,
Ұйтқып,
Бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан,
Қақпақыл қылар жұлқылап,
Ақ жүзін Жердің қуырып,
Аранын аспан ашқандай.
Ақ бұлттан қылшық суырып,
Алапат күшпен шашқандай.
Мына үй жансыз секілді
Күртікке кеткен көміліп,
Мұржадан шыққан түтінді,
Жұта ма жалмай жел іліп,
Түтектен түк те көрінбес,
Үйшікте жатыр ит бұғып,
Үйдегі бала көз ілмес,
Көңілін көп ой күпті ғып.
Төсектен қолы салбырап,
Қорылдап жатыр әкесі.
Жабағы мұрты жалбырап,
Бораннан келген беті осы.
Келді де міне жығылды,
Атты да бүрісі-ай киімшең.
Сақалын қойған қауғадай
Сықпытсыз көрсең түрін сен.
Түнеріп қыртыс қабағы,
Жөтеліп қояр әредік,
Төсектен жерге тамады,
Етіктің лас қары еріп,
Түймеден түк жоқ, тондағы,
Шалбардың анау жыртығы,
Әйелі қайтыс болғалы,
Ішіп жүр міне күн-түні.
Ішуге сылтау табылар,
«Ішемін»,- дейді күйіктен.
Қызып ап айтар әні бар,
Дүние-ай неткен сүйікті ең?!
Баланың жайын еске алып,
Көршілер күнде келіп тұр.
Жылытып үйін пеш жағып,
Уақытылы тамақ беріп жүр.
Басқалар жуып киімін,
Күтімін алған баланың.
Еденін сүртіп үйінің,
Қарасып қояр сабағын.
Қаршадай болған жетімек,
Өзегін өртер нала-мұң,
Шөлдейді шерлі көкірек,
Мейіріміне ананың,
Әкесі болса, күнде мас,
Қалғалы қашан жұмыстан,
Ақылды ешбір тыңдамас,
Достармен түгел ұрысқан,
Қызып ап кейде «сорлым»,- деп,
Құшақтап ұлын жылайды-ай,
«Арақты енді қойдым»,- деп,
Төсекке барып құлайды-ай,
Әкесін сонда бас салып,
Кемсеңдеп ернін тістелеп,
Көзінен ыстық жас тамып,
Жалынар: «папа-ау, ішпе»,- деп.
|
Бейне материал
|
10 мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |