Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылскийвысший медицинский колледж» управления здравоохранения акиматаЖамбылской области
пәнге, болашақ мамандығына сүйіспеншілігін арттыру;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді баяндау және игеру сабағы.
Сабақтың түрі:
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар:
б) үлестірмелі материалдар:
- тақырыпқа арнап жасалған презентациялар;
- бейне фильмдер.
в) ТОҚ/ТСО
- компьютер;
- маркерлік тақта;
- планшеттер;
- интерактивті тақта;
Пәнаралық байланыс:
Пән ішілік байланыс: «Емделуші психикасының ерекшелігі.Аурудың ішкі көрінісі. Емделушінің ауруға реакциясы,олардың типтері және маңызы».
Қолданатылатын әдебиет:«Коммуникативті дағдылар».
Өз бетінше жұмыс: Тіректі конспект жазу. Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) білімгерлермен амандасу;
б) білімгерлердің сырт бейнесіне көңіл бөлу;
в) аудиторияның дайындығын тексеру;
г) білімгерлерді түгендеу;
д) сабақтың мақсаты мен жоспарын білімгерлерге таныстыру.
II.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Ауызша фронтальды жекеше сұрау:
III.Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі: Тақырыбы: «Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас. Сексуалдық проблемалары бар емделушілермен қарым – қатынас. Жазылмайтын аурулары бар науқастармен қарым – қатынас. АИВ жұқтырмалары мен ЖИТС аурулары бар науқастармен қарым – қатынас».
Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай.[7][8][9] Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін.[4] Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады.[10] Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.[4] Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды.[10] Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді.