Бағалау критерийлері
|
Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажыратып, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
* Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды
*Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады,
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Бауырсақ
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қарым-қатынас жасау, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік, ынтымақтастық қабілеттерін дамыту.
|
Пәнаралық байланыстар
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Видеоролик
|
Бастапқы білім
|
Дауысты және дауыссыз дыбыстар.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Тасымал
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
|
|
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасы
5 мин
|
Кел достарым ,келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді.
Сабақ үстінде:
Қол көтеріп жауап береміз
|
Шаттық шеңбері
|
Сабақтың ортасы
|
«Қапшық лақтыру» әдісі
(оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша сұрақтар қою)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар саны қанша?
-Дауыссыз дыбыстар саны қанша?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата?
-Жуан дауысты дыбыстарды ата?
-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
-Тасымал дегеніміз не?
Жарайсыңдар!
Білу «Болжау» әдісі
Ұжымдық жұмыс
*Балалар сендер саяхатқа шыққанды жақсы көресіңдер ме?
*Ал,саяхатқа қандай көлікпен баруға болады?
*Сендер саяхатқа жалғыз барғанды ұнатасыңдар ма, әлде достарыңмен бе?
Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Оны біз танимыз.
Егер тапсаңдар, сол досымызды ертіп аламыз.
Қашып кеткен атадан.
Қашып кеткен ападан
Орманда кеше жүр едім
Домалап шықты алдымнан.
Шешуі: (бауырсақ)
Дұрыс айтасыңдар.олай болса біз «Бауырсақпен көңілді саяхатқа шығамыз»
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу
Ертегіні тыңда. Бауырсақ.
Талқылау сұрақтары:
Ертегіні тыңда. Ертегі не туралы?
Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
Дескриптор:
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді
Кері байланыс
Бағалау: «Шапалақ» әдісі
*Балалар бірінші бауырсақ ертегісінің алдынан кім шығатын еді?
Дұрыс айтасыңдар қоян шығады.Сол қоянның сендерге тапсырмасы бар екен.Ол үшін біз әдемі, таза етіп дәптерге жазуымыз қажет.
Қоянның тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс
2-жаттығу
Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаз.
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
-Әй, кемпір-ай
Дескриптор:
Сөйлемдерді қатесіз жазады.
Ереже:
Сөйлем аяқталған бір ойды білдіреді.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.Сөйлемнен соң не нүкте (.) , не сұрақ белгісі (?),не леп белгісі (!) қойылады
3-жаттығу
Көркем жаз.
Дескриптор:
Сөйлемдерді қатесіз жазады, Сөздерді каллиграфия-лық талаптарға сай жазады.
Кері байланыс
Бағалау: «Тамаша» әдісі
Қасқырдың тапсырмасы:
4-жаттығу
Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы және суретпен сәйкестендір.
Дескриптор:
Дауыс ырғағымен суреттерді сәйкестендіріп сызады, айтады.
Кері байланыс
Бағалау:
Аюдың тапсырмасы
5-жаттығу. Топтық жұмыс
Сызбаға сәйкес сөйлемдер құрап жаз.
-Маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
-Неден пісірейін?
-Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
|
Достарыңызбен бөлісу: |