Сабақ жоспары Сабақ: Мектеп: Шымкент қаласы, хбб нзм күні



бет2/6
Дата18.05.2023
өлшемі33,81 Kb.
#94590
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 ҚМЖ Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықеттердің ортақ қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы
0 – 6 мин

7 – 12 мин

13 – 18 мин


19 – 35 мин

36 – 40 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
(Т) Білу, түсіну дағдылары негізінде бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін тақтада тауықтың суреті көрсетіледі. Тауықтың ұшпайтыны белгілі, сондықтан тауықтың екі күйдегі (қалыпты күйдегі және қанат қаққан) суреті беріліп оқушылардың осы тауық бұлшықеттерінің қозғалысына қатысты пікірлері сұралады. Олардың пікірлері тыңдалып, ортақ түсінік қалыптасқан соң жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты жазылады.
(Ж) Оқушылардың тақырыпты аша түсуі әрі тілдік дағдыларын дамыту үшін термин сөздермен жұмыс жасау тапсырылады. Салыстырмалы кестедегі ағылшын тіліндегі кілт сөздердің жанына кестенің бос ұяшықтарын толтырады (қосымшада). Жұмыс соңында дайын жауап үлгісімен жасыл сия арқылы өзара бағалау жүргізіліп бағаланады.
(М) Жаңа сабақ тақырыбына қатысты оқушыларға презентация көмегімен қысқаша ақпарат беріледі.

Жаңа сабақты игеру
(Д) (Ұ) Оқушылардың қолдану және зерттеушілік жасау дағдыларын дамыту мақсатында оларға тауықтың бұлшықет талшықтарының ақшыл және күңгірт жолақтарын салыстыру және айырмашылықтарын түсіндіру тапсырылады.
Ол үшін сабақтан бірнеше сағат бұрын тауықтың төс және сан бұлшықеттері препарацияланып салыстыруға әзірленіп қойылуы қажет.
(Ж) Соңынан оқушыларға өздері зерттеген бұлшықет талшықтарының екі түрін салыстырып деректерді кестеге толтыру сұралады. Салыстыру кестесін толтыру үшін оқушыларға критерийлер ұсынылады. Бұлшықет талшықтарын салыстыру белгілері:
- түсі;
- ағзада орналасуы;
- энергия көзі;
- майдың болуы;
- жиырылу жылдамдығы.
(Ө, Қ) Дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жүргізеді. *Қажет болып жатса мұғалім тарапынан толықтырулар мен түзетулер енгізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет