Сабақ жоспары Сабақ: Мектеп: Шымкент қаласы, хбб нзм күні



бет4/6
Дата18.05.2023
өлшемі33,81 Kb.
#94590
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 ҚМЖ Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықеттердің ортақ қасиеттері

Жаңа сабақты игеру
(Г) (Қ) Оқушыларға спорттың белгілі түрі үшін (спринтердің немесе ауыр атлеттің) бұлшықет талшықтарының қандай түрлерін дамыту қажеттігін анықтау тапсырылады. Кейін олар осы екі бұлшықет талшықтарын жаттықтыру тәсілдерін ұсынулары қажет болады. Сондықтан салыстыру үшін оқушыларға спринтер мен марафоншылар туралы ақпарат беріледі:
https://www.youtube.com/watch?v=GE9FSHMt5y4
Оқушылар спринтер және марафоншылардың жоғары көрсеткішке жетулерінің себебін анықтайды. Биопсия жасау жолымен жиырылу белсенділігін анықтайтын тәсілдер туралы да мәлімет беріледі. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты өз бетімен іздестіру дағдыларын дамытуға арналған.
Оқушылар берілген ақпарат негізінде өз дәптерлеріне осы екі бұлшықеттің салыстыру кестесін сызады, бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытады.
Кестеге қойылатын критерийлер:

  • Кесте жабық болуы тиіс

  • Кестенің ішіндегі мәлімет тақырыпқа сай болуы тиіс

  • Бос ұяшық қалмау тиіс

Тапсырманы орындап болған соң жұмыстарын өзара тексеріп, мадақтау арқылы бағалайды.

(Ұ) Оқушыларға әралуан спорттың түрлері (жүгіру, жүзу, бокс, штанга, велосипед спорты, күрес, шаңғы спорты) туралы бейнеролик көрсетіледі және спортсмендердің әр тобының өкілдерінде жақсы дамыған бұлшықет талшықтарының түрлерін анықтап тізімін жасау ұсынылады. Ол үшін алдымен оқушыларға Қазақстандық спортшылар туралы бейне мәлімет беріледі (https://www.youtube.com/watch?v=eUKoldhLSMs) және де қосымша интернетке қосылу мүмкіндігі бар ноутбуктер не болмаса дайын мәтіндік ақпараттар үлестіріледі. Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып спортшылардың жылдам және баяу жұмыс істейтін бұлшықет талшықтарын анықтауға тырысады.
Осы тұста мектебіміздің білім беру құндылығы Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік туралы сөз қозғауға болады. Сонымен қатар жаһандық азаматтықтың бір көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Жұмыс қорытындысы бойынша оқушылар постер не презентация құрастырып дайындайды. Соңынан оқушылар бағалауды стикер арқылы дауыс беру негізінде жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет