Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы : Антикалық мәдениет



Дата16.02.2023
өлшемі22,57 Kb.
#68519
түріСабақ
Байланысты:
4fd29659-dc70-41f6-a8d0-830a6bc9c808 2


М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы : Антикалық мәдениет


Модуль / пән атауы : Әлемдік өркениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын түсіну

Дайындаған оқытушы : Д.Биманов
Мерзімі: 3.02.2023 ж.
Жалпы мәліметтер
Курсы ІІ, Тобы : ҚТ-Ж – 21 , 2022 – 2023 оқу жылы
Сабақ типі : Лекция

  1. Мақсаты, міндеттері




  1. Ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.

  2. Жеке тұлғаны кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізуге және сыни тұрғыдан ойлауға, өзіндік, жеке ойлауға қалыптастыру.

  3. Білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу. 



Жалпыадамзаттық құндылықтар : Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау.


АҚИҚАТ – өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.
  Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі.
Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіру.



  1. Сабақты жабдықтау



Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж.,Құлсариев Т. Мәдениеттану. Оқулық А.,2001. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж.,Құлсариев Т. Мәдениеттану. Оқулық А.,2002.




Техникалық құралдар, материалдар кестелер, карта, сызбалар, аудиокітап, видео, аудио

  1. Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақ.

Тақырып : Антикалық мәдениет



ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ!


Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларыныңөнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді. Ол еуропалық мәдениеттің архетипіне жатады. Зерттеушілер Антикалық мәдениеттің архаикалық, классикалық, эллинистік және римдік кезеңдерін атап өтеді. Антикалық мәдениеттің ақыры - 476 жыл. Батыс Рим империясының құлауы. Антикалық мәдениетте казіргі білімнің, философияның, әдебиеттің, құқықтың, жалпы кітап мәдениетінің іргетасы қаланады. Антикалық мәдениет архаикалық 1 рекиядан бастау алады. Бұл кезеңді кейде гомерлік мәдениет деп те атайды. Осы кезеңде өзінің рәміздік, тылсымдық мәңгілігімен әлі күнге дейін адамзаттың рухани азығы болып келген танғажайып грек мифологиясы қалыптасты. Антиктік дүниетанымға Ғарышпен үйлесімдік тән. Кіші Ғарыш ретіндегі адам үлкен Ғарыштың нұсқасы болып табылады. Антикалық мәдениет өрістеген уақыт — классикалық грек мәдениеті. Әлеуметтік орта — полисті жеке азат тұлғамен үйлесімді байланыстыра білген антикалық адам өз болмысына мәдениеттілік өлшемдерін енгізе бастады. Мәдениетті адам, ежелгі грек түсінігі бойынша, өз бойына білімділікті, әсем ізгілікті, тән сұлулығын және жоғары сұхбаттық қасиеттерді қондыра білген. Грек философиясында кейінгі барлық басты философиялық мәселелер талқыланған. Егер Сократқа дейінгі философияда натурфилософиялық сарындар басым болса, СократПлатонАристотель адамға қарай бетбұрыс жасады.


НАЗАР АУДАРАМЫЗ!
Көне заман әдебиетінде маңызды роль эпостан лирикалық поэзияға ауысады. Адамға, оның ішкі әлеміне, оның сезімдері мен қуаныштарына көңіл аудару Архилок (б.з. дейінгі VII ғ.), Сафо (б.з. дейінгі VII-VI ғ.), Анакреот (б.з. дейінгі VI ғ.) шығармашылығына тән. Діни мейрамдар салтынан шыққан грек театры көне заманға жатады. Мүсін, сәулет өнері дамиды. Б.з. дейінгі VI ғасырда доридалық және иондық варианттарда сәулет ордері жасалады. Алайда көне заман кезеңіндегі грек өнерінің негізгі тенденцияларын құмыра өрнегі толық көрсетті. Б.з. дейінгі VI ғ. ортасында қара фигуралы құмыра өрнегі дамыды, құмыраның сыртына тұрмысты бейнелейтін суреттер қызыл балшыққа қара лакпен салынды. «Гомер кезеңімен» берілетін дұрыс реттелген космос геометриялық белгілер – символдармен көрнекі түрде ашылады.


  1. Сабақ бойынша рефлексия




  • Тақырыпты толық түсіне алмадым.

  • Тақырып ашылды, барлығы түсінікті.

  • Сұрақтар туындады.


  1. Үй тапсырмасы:

Білім беру платформаларын пайдалану мақсатында ұсынылады: Bilimland, iMektep.kz, BilimKids, Дарын Онлайн, smk.edu.kz, kasipkor.kz


Термин сөздерді жане анықтамаларды ЕСТЕ сақтаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет