Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт, technology – технология) – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайнсервис ретінде ұсынылуы.
Бұлттық есептеулер (ағылш. Cloud computing, яғни cloud – бұлт, computing – есептеулер) – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына
бірдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік
қолжеткізуді қамтамасыз ету моделі (1-сурет).
Бұл терминдер – компьютерде арнайы программалардың орнатуынсыз, Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет
түрлерінің жалпыланған атауы.
Маңызды мәлімет. «Бұлттық есептеулер» ұғымы алғаш рет 1970 жылы америкалық
ғалым Джозеф Карл Робнетт Ликлайдердің ARPANET (Advanced Research
Projects Agency Network) желісінің құрылуына жауапты болуынан пайда болған.
Ликлайдердің айтуынша: «Құжаттар, ақпарат көздері бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Жер бетіндегі әрбір адам желіге қосылады, ол тек деректерді ғана емес, сонымен қатар программаларды да алатын болады». Ал «Бұлттық есептеулер» 1960 жылы америкалық ғалым Джон Маккартидің: «Қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану»
арқылы жүзеге асырылатын болады» деген тұжырымнан кейін пайда бола
бастады.
Виртуалды қызмет түрлерін ұсынып, ұйымдастырып, қолайлы жағдай жасап отыратын, кез келген деңгейдегі және кез келген қуатты ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ететін бұлттық қызмет түрлерін провайдер атқарады.
Бұлттық провайдер (ағылш. Cloud provider – бұлттық сервистерді жеткізуші) – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді сақтау
жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.
Дереккөз: Бондарук, А.М. Автоматизированные системы управления качеством в технологических процессах / А.М. Бондарук, С.С. Гоц. - М.: Уфа: Монография, 2007
6. Қорытындылау: Жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру:
- Бұлтты технология дегеніміз не?
- Бұлттық провайдер дегеніміз не?
7. Бағалау:Қол сигналдар әдісі
8. Үй тапсырмасы: Серверлік және бұлттық технологияның айырмашылығын жазып келу