Бекітемін
Ақпараттық технологиялар
бөлімінің меңгерушісі
___________ Л.Елимбетова
«___» ___________ 2024 жыл
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: Бұлтты технология
Модуль /пән атауы: Көлемді инфрақұрылымның конфигурациясын баптау
Дайындаған педагог: Алимова А.А.
«____» _________ 2024 жыл
1. Жалпы мәліметтер: Курс: 1 Оқу жылы: 2024-2025
Топ: БҚ-11г
2. Мақсаты: Тақырыптық сайт құруды, тақырыптық сайт құрылымын жобалауды, сайт әртүрлі баннер, роликтерді орналастыруды, сайт мазмұнына талдау жасату, нақты бағалай алуды үйрету, оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ меңгеру
Сабақ түрі: сөздік, көрнекі, практикалық
3. Күтілетін нәтижелер: Бұлтты технология туралы түсінік
Қауіпсіздік көрсеткіштері
Кіру және шығу нүктелерін тәжірибеде қолданды.
4. Қажетті ресурстар:дербес компьютер, оқулық
5. Сабақтың барысы:
Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;
Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;
Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;
Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;
Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;
Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы бүкіл дүниежүзінде ерекше қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT технологиялар қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, ақпараттармен алмасып қана қоймай, көптеген аудиториялармен бір жүйеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, озық үлгілерінің бірі – «бұлттық технологиялар» немесе «бұлттық есептеулер».