Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары
___________А. Жумагулова
«____»____________2022 ж.
Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Мәдениеттану – мәдениетті зерттейтін ғылым
Модуль /пән атауы: БМ 04. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу
үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану/қоғамдық-әлеуметтік пән/Мәдениеттану
Дайындаған педагог: Қуаныш Б. С.
Күні: «5», «6» қыркүйек 2022 ж.
1.Жалпы мәліметтер: Курс, топ: ІІ, ИнБ-21, КБ-22, ОрБ-21, ШтБ-19, ОрБ-19, ҚББ-22
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
2.Мақсаты, міндеттері: Студенттерді мәдениеттану пәнімен таныстыра отырып, оның құндылығын түсіндіру
2.1. Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну
3. Қажетті ресурстар: Г.Алибаева,Қ Айтхожин,А.Ибраева «Мәдениеттану» 10 сынып Алматы Мектеп 2006
Kahoot онлайн платформасы, Презентация, Видеоролик
4.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ – жауап, Ой қозғау, «Insert» әдісі, «Өзіңді таңда» әдісі, «Биографиялық поэма» әдісі, «Суреттер сөйлейді» әдісі, «Кім жылдам?» әдісі, «Салыстыру» әдісі, «Өзін-өзі бағалау», «Бәйтерек» әдісі
5. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсат–міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Студенттерге бағалау парағы беріледі, бағалау парағына Өзін-өзі бағалап отырады.
Бағалау критерийлері: Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің нысандарын және түрлерін, тарихын сипаттайды.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ыстық алақан» әдсі арқылы студенттер бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Жаңа сабақ: Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық – адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды.
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.