Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы



бет1/2
Дата21.10.2023
өлшемі41,62 Kb.
#120225
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
6 САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Word бағдарламасының терезесі
Модуль /пән атауы: Информатика
Дайындаған педагог: Султонмуратов С.З
Күні : 2021 жылғы "__" ____________
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 1
Топ: МБ-211/1,2
Сабақ типі: Пратикалық сабақ
2. Мақсаты, міндеттер
Сабақтың мақсаты Microsoft Office Word - компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
3. Сабақты жабдықтау
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
4. Сабақтың барысы
Ms word-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы Ms word деген не екенін, Ms word терезесінің құрылымын, мәтіндік құжаттың құрылымын, негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, құжат жасау және онымен жұмыс істеу тәсілдерін құжаттар жасай алуы, суреттер, жиектер, бояу тәсілдерін меңгеруі, суреттерді кірістіріп, оларды өңдей алуы,құжаттарды басып шығара алуы тиіс 
Microsoft Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге,қарап шығуға,түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft Word - бұл мәтіндерді енгізуге,түзетуге,пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдалама мәтіндік құжатқа суреттерді,диаграммаларды, кестелерді кірістіруге,орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске қосу үшін: 
ПУСК-Все программы-Microsoft Office- Microsoft Word 
Мәтіндер енгізер алдында жүгіргіні енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады.
Жаңа жолды бастау үшін /Enter/ пернесін басу керек.
Мәтінді түгелдей бас әріппен басу үшін /Caps Lock/ пернесін басу керек.
Мәтіннің барлығы бас әріп болып жазылса мәтінді ерекшелеп Shift+F3 пернесін бас.
Сөзді бас әріппен бастап теру үшін /Shift/ пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет. 
Мәтінде жою үшін /Delete/ пернесін басу керек.
Керек емес әріпті теріп қойсандар /Backspase/ пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символдарды жоюға болады.
Ағымдағы құжатты сақтау үшін Файл-Сохранить әмірін таңдаңыз. 
2. Пернетақтадан /Ctrl/+/S/ пернелер тіркемесін басыңыз. 
3/Құжатты алғаш рет сақтағалы отырсаңыз Файл-Сохранить как әмірін орындау керек. 
Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шерту арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап – Иә (Да), өзгерістерді сақтамайсыз (жауап – Жоқ (Нет) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. 
Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесі.
Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows – дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар:
Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама 
Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка.
1

2 3
Горизонталь (жолдық) сызғыш
Горизонталь сызғшта үшбұрыштар орналасқан. Бірінші жолдың маркері (1), абзацтың сол (2) және оң (3) шекараларының маркері берілген. Оларды тышқанның көмегімен абзацтың сәйкес параметрлеріне өзгертуге болады. 
Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде бейнелеу режімін таңдау батырмасы  орналасқан, 
Әдеттегі (Обычный)
Веб – құжат (Веб – документ), 
Беттерді белгілеу (Разметка страницы),
Құрылым (Структура).
Батырмалары бар. 
Әдеттегі (Обычный) – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;
Веб – құжат (Веб – документ) - құжатты Веб–құжат түрінде бейнелеу;
Беттерді белгілеу (Разметка страницы) - құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;
Құрылым (Структура) - құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын (тақырыбын) көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді. 
3. Қалып – күй жолы. Microsoft Word терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады. 
MS Word – пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал–саймандар тақтасын пайдаланамыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандарты (Стандартная) тақтасы мен Форматтау (Форматирование) тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады. Тақтаны экраннан шығару немесе алып тастау үшін ТҮР (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауын шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында ˇ таңбасы тұрады. 
Құжаттармен жасалатын жұмыс. 
Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасын шертеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет