Құжатты құру диалогтік терезесі. Micrsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі dоc және ол таңбасымен белгіленеді. Әдетте, құжаттар Жаңа құжат (Новый документ) шаблонының негізінде құрылады. Құжатты Жаңа құжат шаблонының негізінде құру үшін
Батырмасы пайдаланылады.
Құжатты ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.
Төменде орналасқан өрісті екі рет шертіп, құжат тұрған буманы, сонан соң ұжаттың өзін таңдаймыз.
Кесте құру Біздің өмірімізде мәтінді біріктіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
Вставка менюінде «Таблица» батырмасын басу арқылы.
Вставка менюінде «Таблица» батырмасын басқанда ашылған контекстік менюден Вставить таблицу… батырмасы арқылы
Вставка менюінде «Таблица» батырмасын басқанда ашылған контекстік менюден Нарисовать таблицу батырмасын басып сызу арқылы
Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.
- Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
Кесте құрғаннан кейін, кестемен жұмыс істегенде қосымша Конструктор және Макет менюлері қосылады.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:
Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;
Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
Microsoft Word бағдарламасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.
Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
Практикалық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 – тапсырма
Менің Отаным - Қазақстан деген мәтінді теріп.
Отан деген атпен сақтау.
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2-тапсырма
Кесте құру. Оқушылар тізімі.
5. Сабақ бойынша рефлексия Жаңа материал бойынша сұрақтар қояды.
6. Үй тапсырмасы:
Microsoft Word бағдарламасы. Microsoft Word-та мәтінмен жұмыс жасау. Кестемен жұмыс