Сабақ жоспары Спорт денсаулық кепілі Хобби еріккеннің ермегі емес №615 бұйрық


Жаңа материалды түсінгенін тексеру



бет2/3
Дата19.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#58300
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
14.12.5-сын.

Жаңа материалды түсінгенін тексеру


20 минут

ЕБҚ
тапсырмасы

1-тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.
1-мәтін
Ұлтының қамын ой­лаған әрбір азамат­тың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады. Олар­дың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған Aіqul Lіne компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құнды­лықтарымызды қайта көркейтіп келеді.
Біз компания басшысы Айгүл Жексен­бай­қызына жолығып, сұхбаттасқан едік.
– Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?
– Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып, әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда.
– Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді... Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? Aіqul Lіne тарихына тоқталсаңыз.
– Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты бол­саң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табанды­лықпен кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет.
2-мәтін
Хобби (әңгімеден үзінді)
Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруа­шылық­тың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ.
Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, бас иеміз ғой деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал-жағдайын сұрады.
– Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:
– А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыс­тың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші:
– Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.
– Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді.
– Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – Хобби деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.
Мәтіндерді салыстыру





1 -мәтін

2- мәтін

Тақырыбы







Мазмұны







Тілдік құрал








Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет