Сабақ жоспары Тақырыбы: Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі


Ысқыру диктанты (Whispering dictation)



бет5/7
Дата22.10.2022
өлшемі153,65 Kb.
#44929
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
3. Ысқыру диктанты (Whispering dictation)
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған
мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:

  • Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;

  • Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;

  • Лайықты нәрсені таңдауға үйренеді.

4.Жүгіргіш диктанты (Running dictation)
Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір-біріне кедергі жасамайтындай) ілінеді. Шатастырмас үшін мәтіндерге А, Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады. Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы: жаттау және сауатты жеткізу қабілеттерін арттырады.


5.Сүйеніп отыру диктанты (Back-to-back dictation)
Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Алдымен оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі.Ол үшін екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі. Мәтінде не бас әріп, не тыныс белгісі болмайды. Бірінші оқушы партада түзу отырады, екінші оқушы арқасын қаратып отырады. Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктантты жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет