Орындаған: Абдикалыкова И.М., Ерсайн Ж.Е.
Тобы: Арнайы педагогика 201
Тексерген: Балтымова М.Р.
Ақтөбе 2022
Күні:21.10.2022ж
Логопед: Абдикалыкова И.М.
Бала: Ерсайн Жанель
Баланың жасы: 5жас
Сабақ тақырыбы: Құстар әлемі.
Сабақ мақсаты: “Т” дыбысын буынға, сөзге, сөйлем ішіне қою. Дыбысты басқа дыбыстардан ажыратуын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдын ұсақ моторикасын дамыту. Құстардың түрлерімен таныстыру.
Білімділік міндеті: Баланы “Т” дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: Баланың әдемі, таза сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Түзетушілік міндеті:“Т” дыбысын анық айтуға үйрету.
№
Жүргізілетін жұмыс атауы
Жұмыс түрі
Көрнекілік
УУақыт
1.
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, баланың көніл-күйін сұрау.
-
1 мин
2.
Тыныс жаттығу
Трубочка арқылы стаканның ішіндегі тауықты үрлеп шығару, шарды үру, гүлдерді иіскеу.
1) “Тәтті тосап”- күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілмен үстінгі ерінді жалаймыз.
2) “Тісті тазалаймыз” – күлеміз, аузымызды сәл ашып, тілдің ұшымен оңға, солға қозғалтып тістердің ішкі жағынан үстіңгі тістерді тазалаймыз.
3) “Күркетауық” - ауызды аздап ашып, тілді жоғарғы ерінге, қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек. Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.
А йна
4 мин
4.
Дыбысты қою кезеңі
Ауызымызды кең ашып, тілді жоғарғы тіске тақап тілдің ұшымен жоғарғы тістің еттерін соғамыз. Т-Т-Т
Еліктеу арқылы пойыздың даусын салу:
Т-Т-Т.
Су тамшысының даусын салу: Тық-тық- тық
Т дыбысынан басталатын құстарды жинау.
«Дыбысты ұста» ойынын бірге ойнауды ұсынады. Т дыбысын естігенде, қолыңды шапалақта: а,т, д, ғ, т, м, ө,т , е б, ғ, т, л , ғ,т.