Сабақ жоспары (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарына арналған)



бет3/6
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93432
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақ жоспары Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы (1)

Жаңа білім
35 минут

Жаңа сабақ.
Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы екенін біз өткен сабағымыздан білеміз. Ал, сұйық өткізгіштер –электролиттердегі электр тогының табиғаты металдарға қарағанда өзгеше.
І Сұйықтардағы электр тогы.
Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқыламаларыэлектролиттердеп аталады.
Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.
Егер электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырса не болады?
Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады.
Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады.

Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процессрекомбинациядеп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін-бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.
Электролиттегі электр тогы дегеніміз –оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.
Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.
Электролиздің кейбір белгілі техникалық қолданылуына мысалдар келтірейік.

  • Гальваникалық элементтер.

  • Аккумуляторлар.

  • Гальванопластика.

  • Гальваностегия.

Сонымен тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.
Әртүрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:
Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал.Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.

m=kq немесеm=kIt,



Тәжірибе: Тазартылған суы бар ыдысқа екі таза көмір электродтарын салып, содан соң оларды электр шамына тізбектей жалғап, бұл


қондырғыны ток көзіне қосамыз. Шам жанбайды, тізбекте ток жоқ. Тазаланған су жақсы оқшаулағыш болып табылады. Енді тамызғыш көмегімен тұз қышқылының бірнеше тамшысын суға тамызып араластырсақ, онда біз шамның жанғаның байқаймыз. Бұл электр тогының, яғни алынған ерітіндіде зарядтарды тасмалдаушылар пайда болғаның дәлелдейді.
Электролиттегі еркін заряд тасушылар зарядталған оң және теріс иондар. Электролиттерге бейорганикалық қышқылдардың судағы ертінділері жатады, мысалы тұздар. Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды, малекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады.
NaCl↔Na++ClCuSO4↔Cu2++SO42-
Электролитте әр аттас иондардың молекулаға бірігуін рекомбинация деп атайды. Электр өрісі жоқ ертіндідегі иондар ретсіз қозғалады.
І Егер электролиттерге қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни оң иондар катодқа, теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Ендеше электролиттердегі зарядтарды тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады.
Электролиттегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондарды қарама қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.
Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет