ІІЭлектролиздің техникалық қолданысқа мысал келтірейік. Гальваникалық элементер – электролит пен электродтар арасындағы өзара әрекеттесуге негізделген электродтың малекулалары оң ион түрінде электролитке өтіп, онда ериді. Бірақ бірнеше электрондар электродта қалып қояды. Демек, электролит оң, ал электрон теріс зарядталады. Электролит пен электрод арасында потенциалдар айырымы пайда болады. Сөйтіп, электролит екі электродпен қоса гальваникалық элемент құрайды.
Аккумуляторлар жұмыс істеуге қажетті химиялық энергияны электролиз көмегімен үнемі жаңартып алып тұратын элемент болып табылады. Бұл процесс аккумуляторларды зарядтау деп аталады.
Гальванопластика. Рельефті заттардың (медальдардың, гравюлердің т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды гальванопластика деп атайды.
Гальваностегия. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу. Бұл – хромдау, никельдеу алтын, күміс жалату т.б.
Бекіту тапсырмалары: Ойланайық, пікірлесейік Блиц сұрақтар 1 сұрақ Электролиттік диссоциация дегеніміз не?
Жауабы: Ерітінділер мен балқымаларда заттардың иондарға ыдырауы. Кері процесс рекомбинациялану деп аталады). Электролиттер еріген кезде электр тогының әсерінен судың полярлы молекуласының әсерінен электролит молекулаларының иондарға ыдырауы байқалады.
2 сұрақ Электролизге анықтама беріңіз
Жауабы: Электролиз - тотығу – тотықсыздану реакциясының әсерінен электродтарда таза заттардың алыну процесі.