Сабақ жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту) Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері



Дата18.10.2022
өлшемі16,36 Kb.
#43889
түріСабақ


Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
М.Канапиянов атындағы жоғары колледж
НАО «Павлодарский педагогический университет»
Высший колледж им. М.Канапиянова

Сабақ жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
(сабақтың тақырыбы)

Модульдің/пәннің атауы Тәрбие жұмысының әдістемесі


Дайындаған оқытушы Сагадиева Ж.М.
2022 ж.«20» қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ ББ-21(9)
Сабақтың түрі аралас сабақ
2. Мақсаттар, міндеттер
Студенттерге «тәрбие процесі» ұғымы мен оның ерекшеліктерін түсіндіру; жалпы түсінік беру;
3. Студенттер оқу сессиясы барысында игеретін күтілетін нәтижелердің және (немесе) кәсіби дағдылардың тізбесі
Студенттерді ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырлыққа, өзара жақсы қарым — қатынастағы көңіл — күйге, алғырлыққа тәрбиелеу.
Студенттердің қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой — өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан — жақты үйлесімді етіп дамыту.
Студенттердің тәрбие үрдісі туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, тәрбие туралы ой — пікірлер мен тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін айқындап, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мазмұнын ашу, меңгерту.
4. Қажетті ресурстар:
5. Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі. 10 мин
Топпен сәлемдесу
Зейіндерін сабаққа аудару
«Заряд алу» (сергіту сәті )
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.
II.Үй тапсырмасын тексеру. 20 мин
III.Жаңа сабақ 30 мин
«Фишбоун» әдісі
Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
IV. Жаңа материалды бекіту 25 мин
SWOT – талдау
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
V. Үйге тапсырма
1. Оқу және тәрбие процестерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Машық кезінде тәрбие принциптері қалай іске асыралатынын байқаңыз.
3. Әртүрлі тәрбие әдістерінің өзара байланысын сипаттаңыз.


Данные пункты учебного занятия являются обязательными. Согласно подпункту 1) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога" педагог имеет право внести дополнительные элементы в соответствии с государственным общеобязательным стандартом соответствующего уровня образования и с учетом особенностей дисциплины или модуля и потребностей обучающихся.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет