Қостанай гуманитарлық колледжі
(білім беру мекемесінің атауы)
Сабақ жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқу)
Лексикология және оның зерттеу нысаны
(Сабақтың тақырыбы)
Модульдің/ пәннің атауы____Тіл біліміне кіріспе _______________________
Дайындығын педагог____Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы_________
«19» қазан 2022 жыл
Жалпы мәлімет
Курс, тобы__2 курс, 2НОБ-12_________
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Мақсаты, міндеті: Тіл біліміне кіріспе саласы бойынша негізгі ұғымдар жүйесі мен тілдік терминдер, тілдік ұүрылымдық жүйесі, танымдық болмысы, мәні жөнінде түсінік қалыптастыру.
Оқу сабағы кезінде білім алушылардан күтілетін нәтижелер: жаңа білімді меңгеріп тілдің анықтамасымен танысады;
Тіл білімінің басқа салалармен айырмашылығын біледі;
Тіл білімінің салаларымен танысады.
Қажетті ресурстар:
Аханов К. Тіл біліміне кіріспе негіздері. Алматы 2015 ж
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу жолдары, даму жолдары.Алматы 2010 ж
Сабақ барысы
Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатнасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.
Тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады.
Жалпы лексикология мен жеке лексикология бір-бірімен тығыз байланысты.
Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық.
Тілдің дамуы барысында сөз мағынасының өзгеруі, көп мағналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардың пайда болуы осылардың барлығы тілдердің барында.
Дүние жүзіндегі барлық тілдерде туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөзтудырудың бір тәсілі – сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін.
Бекіту. Сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |