Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі51,49 Kb.
#130995
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
17.10 Мат.1


Сабақ тақырыбы:

Иррационал теңдеулер және олардың жүйелері. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері.

Модуль /пән атауы:

Жалпы білім беретін пәндер/
Математика

Дайындаған педагог:

Сарсенов А.Б.

Күні:

«17» қазан 2023 ж.

1.Жалпы мәліметтер:

Курс, топ:

І, ББ-23-3

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгеру сабағы

2.Мақсаты, міндеттері:

Студенттерге иррационал теңдеулерді және олардың жүйелерін шешуді үйрету.

3. Күтілетін нәтижелер:

Студенттер иррационал теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін қолданады.

4.Қажетті ресурстар:
4.1.Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:



1. А.Е.Абылкасымова, К.Д.Шойынбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 –сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2015
2. А.Е.Абылкасымова, К.Д.Шойынбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11–сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2015

4.2.Техникалық құралдар, материалдар:

Интерактивті тақта, Презентация.

5.Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ – жауап, Ой қозғау, «Кім жылдам?», «Бес саусақ» әдісі

6.Пәнаралық байланыс:

Информатика

7. Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Студенттің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
(5 мин)
(15 мин)

Сабақтың мақсат–міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
50-69 ұпай «3»
70-89 ұпай «4»
90 ұпайдан жоғары «5»


«Ой қозғау» әдісі
Өтілген тақырып бойынша сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Алғашқы орындаған 3 студенттің жұмысын бағалап, жоғары ұпай жинаған студенттің жауабы тыңдалады (әр дұрыс жауап – 70 ұпай).

Студенттер сабақтың мақсат– міндеттерімен, тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.
50-69 ұпай «3»
70-89 ұпай «4»
90 ұпайдан жоғары «5»

Өтілген тақырып бойынша сәйкестендіру тапсырмасын алады. Алғашқы орындаған 3 студент жұмысын бағалатып, жоғары ұпай жинаған студенттің жауабы тыңдалады (әр дұрыс жауап – 70 ұпай).



Интерактивті тақта, Презентация.



Сабақтың ортасы
(20 мин)

Жаңа сабақ: Иррационал теңдеулер және олардың жүйелері. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері.
«Кім жылдам?» әдісі бойынша, бірінші шығарған студент есепті тақтаға жазып, өз ойымен бөліседі.


Дескриптор:

  • иррационал теңдеудің мүмкін мәндер жиынын табады;

  • иррационал теңдікті шеше алады;

  • иррационал теңдікті шешіп, теңдеудің қабылдайтын мәндерін көрсете алады.

Студенттер тақтада көрсетілген дәрісті ұғып алып, жаңа ақпаратпен танысады.

Интерактивті тақта, Презентация.


Сабақтың аяқталуы
(5 мин)

Сабақ бойынша рефлексия.
Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
«Бес саусақ» әдісі бойынша студенттер Google Forms қосымшасында келесі сұрақтардың бірін таңдау керек:
1.Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
- Ия, ұнады
- Жоқ, ұнамады
2.Бүгінгі сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді деп ойлайсыз ба?
- Тиімді
- Тиімсіз
3.Иррационал теңдеуді шеше аласыз ба?
- Ия
- Жоқ
4.Сабақты басқару сізге қолайлы болды ма?
- Ия
- Қиындау болды
5.Бүгінгі сабақтағы көңіл –күйіңіз қалай болды?
- Өте керемет
- Жақсы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет