Қостанай гуманитарлық колледжі
(білім беру мекемесінің атауы)
Сабақ жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқу)
Сөздердің экспресивті және эмоцианальдық бояуы. Сөз және оның мағынасы
(Сабақтың тақырыбы)
Модульдің/ пәннің атауы____Тәрбие жұмысы және әдістемесі
_______________________
Дайындығын педагог____Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы_________
«27» қазан 2022 жыл
Жалпы мәлімет
Курс, тобы__2 курс, 2НОБ-12_________
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Мақсаты, міндеті: Көнерген сөздер мен неологизмдердің түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.
Өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
Оқу сабағы кезінде білім алушылардан күтілетін нәтижелер: жаңа білімді меңгеріп тілдің анықтамасымен танысады;
сөйлеу стилінің стильдік ерекшеліктерін анықтау, ауызекі тілдің басқа стильдерден ерекшелігін анықтауды; сөйлеудің сөйлесу стилін анықтау, оны түрлерге бөлу, сөйлесу стилінің ерекшелігі мен ішкі стильдік ерекшеліктерін біледі.
Қажетті ресурстар:
Әміров Р. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Алматы 2012 ж
Сыздықова Р.Тілдік норма және оның қалыптасуы.Алматы 2010 ж
Сабақ барысы
Білім алушылармен амандасу, түгендеу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кітаби лексика дегеніміз көне жазба нүсқаларда қолданылатын бүкіл түркі халықтарына ортақ сөздер.
Кітаби лексиканың өзіне тән нормасы бар, белгілі бір дәстүрге байланысты қалыптасып, көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, қолданыс тапқан. Көне дәуір ecкерткіштері мен жазба әдеби нұсқалардың тілі қазақ тілінен мүлде басқаша, халыққа түсініксіз тіл емес. Өйткені, кітаби тілдің негізі — көне түркі, тілі, ол қазақ халқына жат тіл емес, етена жақын тіл.
суреттен кімді көріп отырмыз?
Екінші суретте не нәрсе?
Ал қазіргі өмірде біз бұл сөздерді қолданамыз ба. Иә, әрине қолданбаймыз сонымен балалар көнерген сөзіміздің ережесін шығарайық, қоғамның дамуына , өркендеуіне орай, кейбір сөздеріміз қолданыстан шығып қалып жатады сондай сөздерді біздер көнерген сөздер деп атаймыз. Оқушылар көнерген сөздер мүлдем жойылып кетті деп айта алмаймыз, біз оларды көркем әдеби жазылған шығармалардан оқи аламыз.
Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?
Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс тіршіліктің, әдет-ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер.
Көнерген сөздер мағынасына қарай 2 – бөлінеді:
- Тарихи сөздер (қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар жатады.
1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс
2. Қару –жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе,сауыт, айбалта, найза, адырна
3. Кеңес дәуір тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, отарба т.б)
- Архаизмдер (халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт – сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.
1. Мата атаулары: Мысалы, торқа, дүрия, патсайы
2. Әдет-ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта
3. Үй тұрмысы, киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары : лашық, күпі, саптыаяқ, саба, сәукеле, кебеже, т.б
Кейбір сөздердің қайтадан жаңғыратын кездері де болады
1. Кеңес дәуіріндегі қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран.
2. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоянт.б
3. Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйект.б
Тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.
Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады. Уақыт өткен сайын кейбір сөздер үйреншікті, бұрыннан да бар сөздер секілді болғанда, неологизм болудан қалады.Мысалы:колхоз, комбайн, бригадир, электр, радио, партия т.б.сөздері алғашқы кезде неологизм болса, кейін сөздік қорға еніп кетті.Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді.
1.Лексикалық неологизмдерге жаңа заттың ұғымның шығуымен пайда болған сөздер, мысалы: теледидар, космос, баспасөз, аялдама т.б.
2.Семантикалық неологизмдерге сөзбе-сөз аудару жолымен пайда болған сөздер: Мысалы: жүйе (система), шарт (договор), шөгінді (осадки), т.б.
Үй тапсырмасы: Кітаби лексика. Көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданылуы қосымша ақпарат
Рефлексия. «Бөлмедегі заттар» әдісі арқылы жүзеге асады Орындалу шарты: Әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |