Сабақ жоспары Векторлық кескіндерді құру Бөлім



бет3/4
Дата23.01.2023
өлшемі167,64 Kb.
#62465
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Векторлық кескінді құру

Оқулықпен жұмыс:


Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.


(бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Топтық жұмыс


Photo-Brush графикалық редакторы құралдарының (оқулықтағы 2-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Photo-Brush пен Paint.NET-тің сурет салу құралдарын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар.

Дескриптор:

  • векторлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды;

  • құралдардың қызметін салыстырады.



Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Жеке практикалық жұмыс орындау


1) Қазақстанда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің бірі –қызғалдақ. Photo-Brush редакторында берілген қызғалдақ суретін кезең-кезеңімен сал. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.


Дескриптор:

  • сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • суреттің пішімін анықтайды.



Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.


ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.



2) Орманды Жер шарының «өкпесі» деп атайды. Ол Жерді оттегімен қамтамасыз етеді. Photo-Brush редакторын пайдаланып, ағаштың суретін кезең-кезеңімен салыңдар.


Дескриптор:

  • векторлық редакторда сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • векторлық суретті өңдейді.



Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.


ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.



Тапсырма
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар көп. Солардың бірін есіңе түсіре отырып, Рhoto-Brush-та суретін салып ұсыныңдар. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.
Рhoto-Brush-тың құралдарымен суретті салу қаншалықты қолайлы? Бағалаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет