Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
8мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Топтастыру
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Сәлемдеседі, жоқ оқушыларды айтады,
Бір-біріне тілек айтып, бір-бірін тыңдайды.
|
Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
Плакат, маркер
|
Өткен сабақты пысықтау
|
Суреттің сапасын өзгертуге арналған программа қалай аталады?
PaintNet программасында суретті өңдеуге арналған қандай мәзірлер орналасқан?
Коррекция бөлімінде қандай функциялар қолданылады?
Әсерлер бөліміндегі Көркемдік әсері арқылы қандай іс-әрекеттер орындауға болады?
Қылқаламның қалыңдығын баптау үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
Суреттің сапасының төмендігі қандай жағдайда туындайды.
|
«Ғажайып ұяшықтар» ойыны
Интерактивті тақта арқылы 10, 20, 30 балл жазылған қызыл, жасыл, көк түсті алты ұяшықтан тұратын кесте беріледі. Оқушылар кестені таңдап ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
|