Ерте орта ғасырлардағы ел билеушілердің сыртқы саясатының негізгі мақсаты қандай болды? Олар өз мақсаттарына жету үшін қандай саясат жүргізді? (Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіре отырып, өз пікірлерін ортаға салады.)
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.
Презентация
Сабақтың ортасы 5-20 мин 20-25 мин 25-40 мин
Зерттеу және талдау
1-тапсырма. Венн диаграммасы Әр топқа/ жұпқа екі қағанды таңдап алып, олардың жүргізген сыртқы саясатын салыстыру тапсырмасын беріңіз.
(Бумын қаған, Шегу қаған, Сұлу қаған, Білге қаған)
Топтардың бірін-бірі бағалауы Бағалау критерийі: Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
Дескрипторлар: Әр қағанның сыртқы саясатының екі ерекшелігін анықтайды;
Қағандардың сыртқы саясатының үш ұқсастығын атайды;
Қағанның сыртқы саясатының нәтижесін сипаттайды.
Топтар бірін-бірі бағалаған соң талқылау сұрағын қойыңыз:
Қағандардың сыртқы саясатын салыстыра отырып, олардың қандай ортақ сипаттарын байқадыңыз? Бұл ортақ белгілер ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің ерекшеліктері туралы түсінік бере ала ма? Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұқсастықтардың көп болуын қалай түсіндіруге болады?