2-тапсырма. Кубик стратегиясы
Кубиктің әр қырына 6 қағанның есімін жазып қойыңыз: Бумын қаған (Түрік қағанаты), Естеми қаған (Түрік қағанаты), Шегу қаған (Батыс Түрік қағанаты), Сұлу қаған (Түргеш қағанаты), Білге қаған (Шығыс Түрік қағанаты), Білге күл Қадыр хан (Қарлұқ қағанаты).
Оқушылар кубикті лақтырып, өздеріне түскен қаған бойынша келесі сұрақтарға жауап береді:
Бұл қағанның есімі неліктен тарихта сақталуы тиіс?
Қағанның өз мемлекеті үшін атқарған ең маңызды қызметін атап, дәлелдеңіз.
(Қосымша ретінде оқушыларға кубиктің оң немесе сол қырындағы қағанмен салыстыру сұрақтарын ұсынуға болады).
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы Бағалау критерийі: Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
Дескрипторлар: (Топ өздеріне берілген қаған бойынша) Қағанның атқарған ең маңызды қызметін атайды;
Қағанның есімі неліктен тарихта сақталуы тиіс екендігін негіздеп, дәлел келтіреді;
Қағанның мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалудағы рөліне баға береді.
Бағалау. Оқушылардың бір-біріне кері байланысы.
Түркі қағанаты тарихының зерттелуі:
http://anyzadam.kz/info/515/
С.Жолдасбаев. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып . Хрестоматия.
http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада)
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
Гумилев Л. Н. Көне түркілер. - А., 1994 ж.
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Саяхатнамалар мен тарихи-географиялық еңбектерден таңдамалар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005 ж.
Сабақтың соңы 40-45 мин
Б Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.
Мұғалімнің кері байланысы.