Қорытынды Сонымен, кәсіпкерге қажетті қасиеттер мен құзыреттің саны өте көп. Мұның барлығы, бар болғаны, интеллект пен тәжірибені дұрыс қолдана білу нәтижесі. Барлық қасиеттер жауапты жұмыс пен табанды әрі қажырлы еңбектің нәтижесінде дамиды.
Кәсіпкер қатысты жеке қасиеттердің бәріне ие болуы қажет, бірақ ол сондай-ақ өз саласын жетік білуі керек, белгілі бір білімдерді жинақтауы тиіс. Сіздің үйіңізді құрылысты жетік білмейтін адамның салғанын немесе өмірінде қазанды алғаш рет ұстаған адамның сізге түстік ас дайындағанын қаламас едіңіз. Сондықтан жауапты кәсіпкер сауатты әрі ойлау қабілеті жоғары және өз саласының маманы, өз ісінің шебері болуы тиіс. Мұның бәрін университетте оқи алмайтыңыз түсінікті. Университеттік бағдарламаға енбей қалған тыс білімдерді әрқашан толықтырып отыру керек. Уайымдамаңыз, тарихта кәсіпкер жетіспеген білімін өз бизнес-әрекетін жүргізу барысында алып отырған, ал алғашқы кезеңде құзырлы көмекшілерді жұмысқа тартқан немесе интуицияны пайдаланған. Сізде негізгі басты білімдеріңіз болса, қалған жетіспеген машықтар уақыт өте келе қосыла береді. Бастысы өз-өзін жетілдіруге және оқып білім алуға дайындығыңыз бен құлшынысыңыз жоғары болу қажет және одан қорықпағаныңыз абзал.
Кері байланыс. Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болу керек?
Арслан өзін қалайша кәсіпкер ретінде қалыптастыра білді?
Әрекеттегі кәсіпкерде қандай сипаттар дамиды?
Неге кәсіпкерге теңгерім таба білу маңызды?
Кәсіпкерлік құзыреттілік деген не?
Кәсіпкерлік құзыреттіліктің қандай мысалдары бар?
Рефлексия
Көңіл-күй және эмоциональды жағдайдың рефлексиясы: Парталас көршіңізге арналған үш сөйлемнің біреуін таңдаңыз:
-Жарайсың,
-Бүгінгі сабақтағы жұмысың мені қанағаттандырады,
-Өзіңді бүгінгі сабақта жақсы көрсетуіңе болар еді