М. Сабақ тақырыбына байланысты оқушылар келесі ұғымдармен танысады жəне талдайды:
Түсінік:
Мүсін– кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сом- далған көркем шығарма.
Мүсіндеме – көркемөнердің бір түрі.
Мүсінді орыс тілінде «скульптура» деп атайды.
«Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Мүсіндеменің түрлері: жұмыр жəне рельеф.
Мүсінші – мүсін жасайтын адам.
Мүсіндеме қатты немесе пластикалық заттардан, соның ішінде: тастан, темірден, сазбалшықтан, балауыздан, ағаштан, сүйектен жəне басқа материалдардан жасалады.
Мүсіндеме туындыларыүш өлшемнен (биіктік,
ендік, аумақтық) құралады.
М. Сабақ барысында түсініктерді айқындайды жəне оқушыларға үш тілде айтып беруді талап етеді.
мүсін
скульптура
sculpture
Сабақтың соңы
(Мк,Ұ) 6-тапсырма.Таныстырылым жəне бағалау. М. Сабақтың соңында оқушылардан өзара бағалауды жəне мына сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
М/О. Өзара бағалауды жүргіз. Мына сұрақтарға жауап бер: