3-тапсырма. Орындау.
(МК,Ұ,Т) 3-тапсырма 1 мамыр мерекесін тойлаумен қатар халықтар арасындағы татулықты көрсетуге бағытталған. Оқулықта ол сахналық қойылым түрінде көрсетілген.
Мерекедегі тұсаукесер (сахналық қойылым)
«1 мамыр мерекесі күні Асқардың үйінде інісінің тұсаукесер тойы өтті. Тойға Асқардың жақын туыстары мен көршілері келді. Көршілердің ішінде түрлі ұлт өкілдері де бар. Тойда тұсаукесер жыры айтылып, орыс, татар, өзбек əндері шырқалды».
Оқулықта берілген шағын мысалдық мəтінді оқушылар сахналық қойылым түрінде көрсетуі керек. Оқушыларға сыныптастарымен бірге тұсаукесер жырын айтып, орыс, татар, өзбек əндерінен үзіндіні үш топқа бөлініп орындау тапсырылады. Оқулықта
«Калинка-малинка» (орыстың халықоəйнчіе),ч«акБ » (өзбектің халық əні), «Эй, алмагачлары – Сайрый сандугачлары» (татардың халық əні) əндері берілген. Бейнежазбалары оқу ресурсында көрсетілген. Мұғалім басқа да сценарий дайындауына болады.
4-тапсырма.Таныстыру.
(Ұ,Т) Оқушылар сахналық қойылымды таныстырады.
Сабақтың соңы
5-тапсырма.Бағалау.
(Ұ,Т) Сабақ соңында оқушылар қойылған қойылым- дарын бағалайды.
Рефлексия Маған бұл топ ұнады, себебі ...
Мен ... толықтырар едім.
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау– Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге
болады.
Бақылау;
Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;
Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.