М. Сабақтың тақырыбына байланысты оқушыларға
«Музыка жəне сурет» ойынын ұсынады, ойын шартын таныстырып, үш топқа бөледі.
Ойын. Музыка жəне сурет.
Ойынның шарты. Оқушылар «көкек», «қасқыр»,
«домбыра», «жетіген» сияқты төрт суретпен танысады, мазмұнын талдайды, пікірлерін айтады. Одан кейін музыкалық шығарманың үш түрлі үзіндісін бейнетаспадан тыңдап, суреттердің көріністермен салыстырады жəне сəйкестікті іздейді. М. Оқушыларға музыканы тыңдауға берген кезде шығармалардың аттарын атамайды. Оқушылар өздері сурет пен музыканы салыстырып, байланысын табады жəне түсінік береді.
Оқушылар мына шығармаларды тыңдайды. Жаппас Қаламбаевтың орындауында: «Қасқыр» халық күйі (қобыз аспабы), «Көкек» күйі (қобыз аспабы),
Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра аңызы» шығармасы фортепиано аспабында орындалады.