Байланысты: Ринолалиясы бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын өңдеу
1.2 Ринолалияның пайда болу себептері, белгілері және түрлері Ринолалия – «rhinos - мұрын» «lalia - сөз», бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылысы. Дыбыстың бұзылуы және дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің ауытқуы байқалады. Себебі, ауыз, жұтқыншақ және мұрын резонаторының қатынастары бұзылады. Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын – жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір-бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысының кезіндегіге қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаттарының кеңістігіне емін еркін кріп кетеді. Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы қызметтерінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу) және аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалияның барлық түрлерінің негізі – сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.
Ашық ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ауыз бен мұрын жолы аралығындағы қақпа жабық тұрған кезде даус дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады, егер ауыз бен мұрын жолдарының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір жері ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолы қақпа бұзылған жағдайда әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуені өзгереді, дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» дыбыстарының әуендері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз-жолы басқасына қарағанда көбірек тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқан кезде ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуезділігінің бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуезділігі бұзылады. Ызың және фрикативті дыбыстарды айтқан кезде мұрын қуысында қырылдап естілетін дыбыс пайда болады. Шұғыл (п, б, д, т, к, қ, ғ, г) дыбыстарын айтқан кезде де үн әуезділігі ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды, сондықтан дыбыстар анық айтылмайды. «Р» және «Л» дыбыстардың да айтылуы бұзылады. Ашық ринолалияда «р» дыбысын шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады. Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға мұрын жолдарын біресе ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» дыбысын қайталатады. Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың айтылуы неғұрлым бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» дыбысы, үнсіз айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз саусақтарымен қатты дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға болады. Тексеру жүргізіп жатқан адам «оливаны» біреуін өз құлағына, екіншісін баланың мұрнына тығады. Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» дыбыстарды айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» дыбыстарын айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезіледі .
Ашық ринолалия органикалық және функционалды болып бөлінеді. Органикалық ринолалия іштен туа біткен немесе сыртқы соққылар салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның түріне ауыз және мұрын қуытарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және логопедия үшін маңызды пробдемаларының бірі. Ол хирург-стоматолог, ортодонт, балалар оториноларингологі, психоневролог және логопедтердің ерекше көңіл аударатын мәселелері деп білеміз. Жарықшалар ең күрделі және жиі кездесетін ауытқу. Бет жарықшалар этиологиясы күрделі ауытқу. Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық фактордың ықпалы және экзогендік зияндылық, оның үстіне көп жағдайларда осы және басқа себептердің үйлесуі ықпал етеді. Сонымен қатар биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, токсаплазмоз, вирусты гепатит, гриптің күрделі түрі және вирустық инфекциялар); химиялық факторлардың ықпалы (ұлы химикаттар, қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі-дәрмек әсері) жағымсыз болуы мүмкін. Психогендік факторлар: шошу, әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі. Жүктіліктің бастапқы 7-8 аптасында экзогендік сипаттағы зиянды фактордың жағымсыз ықпалын айрықша баса айтқан жөн. Әдеби деректемелерде тұқым қуалағыш негізінде пайда болған қатты таңдай жарықшалар түрі 10-30% дейін кездеседі деген мәліметтер бар.
Тандай жарыкшасының салдарынан болған ринолалия ерекше симптомдар кешенімен сипатталады:
Tiл қалпының жоне белсенділігінің өзгеруі. Тіл артқа тартыңқы, тілдің ұшы және арқасы күшпен жоғары көтеріңкі күйде болады (бұлшық еттерінің тонусының жоғарылау байқалады). Сондықтан ең жеңіл қимыл-қозғалыстарды орындауы оңай болады.
Жұмсак, таңдайдың козғалысын icкe асыратын бұлшықеттер әрекетінің бұзылуы. Жұмсак таңдайды көтеретін, мұрын және ауыз куыстарын бөлетін барлық бұлшық еттердің кызметі күрт шектеуі болады. Бұл жағдай тек сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар шайнау жене жуту кезінде орын алады. Жұмсақ таңдай сылбыр немесе аз кимылды, өзінің мұрын және ауыз қуысын бөлу кызметін орындамайды. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы керегсі қабыспайды.
Сөйлеу – қозғалу анализаторының бүкіл шеткі (перифериялық) ұшының өзара әрекеттестігінің өзгеруі. Артикуляциялық және мимикалық бұлшық еттерінің өзара әрекеттестігінің бұзыдуымен сипатталады. Бұл жағдайда артикуляция кезінде бет бұлшық еттерінің артық қимылы, синкинезиялар байқалады. Туа біткен жарығы бар адамдарда хирургиялық операциядан кейін де бұл қиыншылықтары жойылмайды. Өйткені хеймопластикадан кейін қалатын тыртықтар бет бұлшық еттерінің қимылын шектейді.