Оқушылардың көбі: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу
Оқушылардың кейбірі: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады
Бағалау критерийлері
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады
Сөздік қор
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?
Құндылықтарды дарыту
Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету