Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?
Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?
Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?
Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?
Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?
Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Қар кесегі» әдісі
2: 35-жаттығуды жұппен жасау
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Топқа берілген тапсырмалар
2:Ережені әр топтан бір балаға айтқызу
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?
66.Қазақ тілі сабақтарында оқушыларға берілетін білім, тәрбие және олардыдамытудыңмаңызы. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолдану мен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін де меңгерту керек. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды. Әр ұстаз өзінің оқушыларының талантты да талапты, дарынды да даралы болғанын армандайды. Осыған жетуге тырысып, оны шешу жолдарын іздейді. Оқушылардың шығармашылық және танымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында оның ерекше қабілеттерін айқындау жолдарын анықтауды қарастыруға болады. Оқушылардың қабілеттері арнайы тапсырмалар нәтижесі бойынша және сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне байланысты анықталды:
- Шығармашылық қабілеті;
- Танымдық, зерттеушілік қабілеті;
- Табиғи дарыны;
- мәнерлеп оқу қабілеті ;
Бұдан соң оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді дамыту барысында әр оқушының өз қабілетіне сай тапсырмалармен жұмыстар жүргізілді. Жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:
- жалпы қабылданған бағдарламамен шектелмеу
- оқушы қызығушылығының спецификасын ескеру
- оқушылардың оқыған тақырыбына тереңірек үңілуіне тосқауыл қоймау
- оңайдан қиынға көшу әдісін пайдаланып,білмегенін меңгерту
- жіберген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру
- өз ойын еркін жеткізуге үйрету
Осы талаптарды орындаған жағдайда, білімді, талапты, ойын жүзеге асыра алатын, шығармашылық қабілеті дамыған оқушы қалыптасады.