Әдебиет теориясынан өткендерді еске түсірсек: Жанр- тек, түр 1. Жанр тегі:
Лирика
Эпос
Драма
2. Фабула -көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет- ретімен ижүйелеу. 3.Сюжет- өзара жалғасқаноқиғалар тізбегі,біртұтас желісі . Балалар, келіңдер Сайын Мұратбкеовтың «Жусан иісі» хикаятынан үзінді тыңдайық.
https://www.youtube.com/watch?v=m9uN2C-JFhY
Шығарма үзіндісін тыңдап болсақ, тапсырмаларды орындайық
Видео-аудио суреттер, презентация, электронды құралдар, т.б.
Басы
3 мин
Ортасы
15 мин
Жаңа сабақ
1 мин,
Тапсырмалар
Бекіту
1-тапсырма Шығарманың жанры мен фабуласын анықтаңдар Сайын Мұратбековтың
« Жусан иісі » хикаятына талдау Жанрлық тегі: Жанрлық түрі: Фабуласы: Дескриптор: -шығарманың жанрын анықтайды; -шығарма фабуласымен танысады. Тапсырманы орындап болсақ; жазғандарымызды тексереміз.
Жанрлық тегі: эпос . Жанрлық түрі: хикаят Фабуласы: 1.Балалық шақты еске түсіру. 2. Аянның әжесімен ауылға келуі. 3. Ауыл балаларымен достасуы. 4. Хат тануға деген құлшынысы. 5. Ойнап жүріп тобығын тайдырып алуы. 6. Балаларға ертегі айтуы. 7. Әжесінің қайтыс болуы. 8. Туысқаны Бапайдың үйіне көшіп баруы. 9.Майдандағы ағасынан қаралы хат алуы 10. Аянның қаладағы интернатқа кетуі. 2- тапсырма: Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымына талдау жасаймыз,
№
Композициялық құрылымы
Оқиға тізбегі
1
Оқиғаның басталуы
2
Оқиғаның байланысуы
3
Оқиғаның дамуы
4
Оқиғаның шиеленісуі
5
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешім
2- тапсырманың тексереміз.
№
Композициялық құрылымы
Оқиға тізбегі
1
Оқиғаның басталуы
Аянның әжесімен ауылға келуі
2
Оқиғаның байланысуы
Ауыл балаларымен достасуы
3
Оқиғаның дамуы
Аянның тобығын тайдырып алуы, содан көрген азаптары
4
Оқиғаның шиеленісуі
Әжесінің қайтыс болып, Бапай қарияның үйін паналауы
5
Оқиғаның шарықтау шегі
Майдандағы әкесінен қаралы хат алуы
Оқиғаның шешім
Аянның ауыл балаларымен қоштасуы.
Қаладағы балалар үйіне жіберілуі
3- тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаймыз
1.Сайын Мұратбековтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңдер.
Д) 1911-1955 ж.ж Ж)1936-2007 ж,ж З) 1935-1980 ж.ж.
2. Жазушының «Жусан иісі» шығармасының жанрлық түрін анықтаңдар
Т) әңгіме У) хикаят Ф) роман
3,Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет- ретімен жүйелеу қалай аталады?
Р) жанр С) фабула Т) оқиға
4. «Сюжет» сөзінің анықтамасын көрсетіңдер.
А) Өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі
Ә) Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет- ретімен жүйелеу
Б) Шығарманың композициялық құрылымы
5, «Жусан иісі» шығармасының тақырыбын көрсетіңдер
М) Ашаршылық кезіндегі балалар тағдыры
Н) Ұлы Отан соғысы жылдарында жетім қалған балалар тағдыры
6. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкерін көрсетіңдер.
И) Аян К) Садық Қ) Сайын
7. Аянның барлық ертегісі қалай басталатын еді?
Ы) Ерте-ерте, ертеде... І) Ертеде бір жетім бала болыпты...
8. Аян тобығы тайғанда кімге салдыратын еді?
Р) Бапай шал С)Асылбек қария Т) Тұржан
9.Аян әкесін сағынғанда не істейтін еді?
Ы) жусан теретін І) әкесінің пальтосын иіскейтін
Сабақты қорытындылау Бүгінгі сабақта: Сайын Мұратбековтің « Жусан иісі» хикаятының қандай жанр түрінде жазылғанын білдік. Хикаяттың фабуласы мен сюжетін анықтадық.
Қосымша тапсырма Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» хикаятын оқимыз. Хикаят мазмұнын біліп, 10 сұрақ дайындаймыз