Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Қаршыға Сайлаукүл Сламбекқызы Пән/Сынып: Қазақ әдебиеті, 5-сынып


-тапсырма Суреттерге қарап әңгіме не туралы екенін 2-3 сөйлеммен анықтаңыз. Жауабы: Өзіңді тексер!



бет2/4
Дата27.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#76525
түріСабақ
1   2   3   4
1-тапсырма
Суреттерге қарап әңгіме не туралы екенін 2-3 сөйлеммен анықтаңыз.



Жауабы: Өзіңді тексер!
Ағасы мен інісі кішкентайында бірге өсті. Олар бөлініп кетті, кішкентайы балалар үйінде тәрбиеленді. Ағасы бауырын тапты. Жетімдер үйіндегі баланың тағдыры туралы әңгіме.
2- тапсырма
Бауыр деген кім?
Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?
Жазушы не себепті«Бауыр»деп атаған?
Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген?
Жауабы: Өзіңді тексер!
1.Бауыр деген кім?
Жауап: Бір әкеден туған және жақын туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болса төте бауыр дейді.
2.Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?
Жауап: Ағайын-бауырларда бірге тумақ — бар да, бірге жүрмек жоқ. Достарда бірге тумақ жоқ та, бірге жүрмек — бар. Сондықтан, кейде жақын достарың бауырдың орнын басады.
3 Жазушы не себепті«Бауыр»деп атаған?
Әңгіме соғыс зардабынан екіге бөлінген бауырлар тағдыры болғандықтан «Бауыр»деп аталады.
4.Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген?
Жетімдер үйінда ата-ана мейірімін көрмей,отбасынан алшақ өскен баланың туған жерді, бауырды, ана тілін білмей өсуі - зор қасірет екенін жеткізу.
Дескрипторлар:
1. Әңгіменің мазмұнын түсінеді.
2.Әңгіменің тақырыбын ашады.
3.Маңызды идеяларды ортаға салады.
4.Қазіргі өмірмен байланыстырады
5.Сұрақтарға толық жауап береді.
3-тапсырма


Әңгіме бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып автор көтерген негізгі ойды жазыңыз.
Қажетті сөздер: тақырып соғыс зардабы, жетімдер тағдыры, жетімдер үйі, түрлі тағдыр, аяушылық, бауыр, бауырды іздеу, қоғамдағы шындық, тасбауыр, әңгіме.
Жауабы: Өзіңді тексер!
Бұл әңгіменің басты тақырыбы- соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры . Әңгіме арқылы қоғамдағы шындық жетімдер үйіндегі тасбауыр боп өсіп жатқан түрлі тағдырына иелеріне деген аяушылық сезімді ояту. Бауыр - қандай жағдайда болмасын іздеушің, қамқоршың екенін Манап бейнесі арқылы жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет