Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Шымырова Н. Т. Пән/Сынып: қазақ тілі, 8-сынып


-тапсырма. Жыраудың «Үш қиян» толғауынан адамның азған белгісін сипаттаған бөлігін тауып оқыңыз



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі20,38 Kb.
#129276
түріСабақ
1   2   3
1-тапсырма. Жыраудың «Үш қиян» толғауынан адамның азған белгісін сипаттаған бөлігін тауып оқыңыз.


Дескрипторы:

  • толғау мазмұнын түсініп оқиды.

  • толғаудан адамның азған белгісін сипаттаған бөлігін анықтайды.

Өзіңді тексер!
Екі кісі дауласса,
Тату бол деп айтпайды.
Екі айырып арасын,
Арасынан пара алған!
Мұсылманның баласы
Қашуды қойды арамнан.
Шапағат, қайыр қалмады
Жақын - жуық жараннан.
Атқа мінген жігітте
Қалмады нәрсе қарардан –
Қайыр кетіп қазаннан,
Қуат кетіп азаннан.





1-3 минут



Тәжірибе

2-тапсырма. Берілген үзіндіден түсінген тарихи оқиғаны қорытып жазыңыз.

Еділді тартып алғаны –


Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны?!

Дескрипторы:

  • үзіндіні түсініп оқиды;

  • үзіндідегі тарихи оқиғаны анықтайды;

  • түсінген тарихи оқиғаны қорытып жазады.

Өзіңді тексер!
Бұл үзіндіде Ресей отаршылдығы жайында айтылған. Ақын өзінің атақонысы болған шұрайлы жерлерінен айрылып қалғанына өкінеді. Ол жерлер Еділ мен Жайық, Ойыл өзендерінің маңы ең құнарлы деген аймақтар болған. Сонымен бірге ақын халықтың өз туған жерлерінен еріксіз үдере көшіп, сонау Үргеніш пен Бұхарға дейін барғандығын айтады. Ата-баба қонысынан айрылған жұрттың жоқтауын жеткізеді. Заманның бұзылып бара жатқандығына ызаланады. Сондықтан бұл заман "зар заман" кезеңі деп аталған.


3-тапсырма. Толғауда алынған үзіндіде Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс есімдері қандай себеппен айтылады? Халықтың мұң-қайғысын жырлауда олардың қандай қатысы бар? Өз жауабыңызды ұсыныңыз.
Қайырсыз неге десеңіз,
Асанқайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс –
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!


Дескрипторы:

  • үзіндіні түсініп оқиды;

  • үзіндідегі тарихи тұлға есімдерінің айтылу себебін анықтайды;

  • өз жауабын ұсынады.



Өзіңді тексер!
Аталған адамдар тарихи тұлғалар. Асанқайғы мемлекет қайраткері, жырау болған. Еліне жайлы "жерұйық" іздеген бабамыз. Ол Керей мен Жәнібек хандардың кеңесшісі болған.
Қазтуған жырау, ақын, тарихи тұлға. Оның толғаулары көбіне атамекен, туған ел жайында.
Орақ, Мамай ноғайлы заманының батырлары. Ал Телағыс өте жауынгер, қайратты болып, он бес жасында жауға аттанған.
Міне, осындай бабаларымыз жер үшін, атақоныс үшін күрескен. Біз де солар сияқты өз жерімізді сақтап қалу үшін аянбай күресуіміз керек деген ой айтады. Бабалардан қалған жер-бізге мұра, ол біздің атамекеніміз екендігін осы ұлы бабалар арқылы жеткізген.






2 минут

Бекіту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет