Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
|
Жаңа сабақ
|
Металдардың маңызды қасиеттерінің бірі – олардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. Белсенділік қатары металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу не әрекеттеспеуін болжауға мүмкіндік береді. Белсенділігі жоғары металл әрқашан белсенділігі төмен металды оның қосылысынан ығыстырады.
Мысалы, мыс тұзының ерітіндісі мен мырыштың әрекеттесу реакциясының қалай жүзеге асатынын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (1-2видео)
Міне, мыс тұзының ерітіндісінен мысты мырыштың ығыстыруының тәжірибелік жұмысын көрдік.
Ал мыс мырышты мырыш тұзының ерітіндісінен ығыстыра ала ма? Сол сұраққа жауап алу үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (3-видео)
Мыс мырыш қосылыстарынан мырышты ығыстырмайды, себебі оның мырышқа қарағанда белсенділігі төмен екен.
Яғни белсенділігі жоғары металл белсенділігі төмен металды оның қосылысынан ығыстырады. Кері реакция жүрмейді деп тұжырымдауға болады.
Енді жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасап көрейік.
1-мысал. Берілген металдар мен тұз ерітінділерінің әрекеттесуінің жоспарын жасаңыз: Pb(NO3)2, CuSO4, ZnSO4, FeCl2, Fe, Zn, Cu, Pb
Бірінші қорғасын нитратының ерітіндісі мен металдардың әрекеттесуін қарастырып көрейік. Қорғасынды тұзынан темір ығыстыра алады, ал мыс ығыстыра алмайды.
Келесі, мырыш сульфатынан мырышты мыс та, қорғасын да ығыстыра алмайды.
Және соңғы ерітінді, темір (ІІ) хлоридінен темірді қорғасын да мыс та ығыстыра алмайды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Презентация
Слайд 3
1-видео (0:25 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/4.mp4
2-видео (0:55 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/6.mp4
3-видео (0:14 мин)
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12735/8.mp4
Слайд 4
|