Сабақ жоспарлары


Пәленің түрін көрген мен – Сарымаса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан



бет3/8
Дата07.01.2022
өлшемі129,04 Kb.
#18196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ақпарат

Пәленің түрін көрген мен – Сарымаса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. Ойлаймын: «Осы сөз де жетеді, – деп, Қатты айтсам, сөзім батып кетеді, – деп. Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді Қорқамын Сары масадай етеді деп.

Академик Р. Нұрғалиев «Ақжол» жинағының алғы сөзінде қазақ ақын жазушылары мысалдарының ерекшеліктерін: «Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлмедәл келеді. Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал, Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, жаңа ойлар айтылады... Крыловтың он жолдық «Шымшық пен Көгершін» мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма, «Өгіз бен Бақа» орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, «Қасқыр мен тырна» орысшада –19, қазақшада –76 жол, «Арыстан, Киік һәм Түлкі» орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, «Қасқыр мен Қозы» орысшада –37, қазақшада – 68 жол, «Ағаш» орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеуірін, ишара, меңзеу, астар, мысалмен берілген ойлар

«Маса» кітабында ашық, анық, айтылады» – деп анықтай түседі.



«Қасқыр мен тырнада» сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады. Мысалдағы оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың тырнаға мақтау – монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет