2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) –бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;
3 – жүйелі талдау –бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;
7 – психологиялық талдау –сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);
8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);
9 – аспектілі талдау –сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру.