Лекция 30. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау.
1.1.«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпараттар.
1.2.Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі.
1.3. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының (білім беру стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық) ролі және олардың сипаттамасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді ұйымдастыру жүйесі Білім жөніндегі заңын басшылыққа алып, онын меншігіне, типіне, түріне карамастан оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандарты, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың негізінде құрылады. Ұйымдастыруда басшылыққа алынатын міндет жеке тұлғаныңбілім алуы, дамуы, кәсіби қалыптасуы, ұлттық және азаматт құндылықтарды қабылдап, ғылыми-техникалық жетістіктерінің негіздерін игеруді қалыптастырып, қажет жағдайда оларды жасай алуы көзделеді.
Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінін жалпы сипаты:
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі;
Жалпы білім беретін орта оқу орындары:
бастауыш мектеп;
орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кәсіптік орта мектеп; колледж т.б.
• Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория.
Практикалық сабақтардың жоспары
№1 практикалық сабақ тақырыбы. Педагогика ғылымының мақсат-міндеттері, қызметі, негізгі ұғымдары және басқа ғылымдармен байланысы
Жоспар:
1.Педагогиканың ғылым ретіндегі мақсат міндеттері.
2.Педагогика және оның адамтану ғылымдарымен арақатынасы.
3.Педагогиканың негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |