Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет35/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#11586
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
Балалар адебиет жана.новый.doc1

2-апта

2-дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар фольклоры.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Бөбектерге арналған өлеңдер.

2. Өтірік өлеңдердің бала ойын дамытуда алатын ролі.

3. Балалар жыры.

4. Төрт түлік жырлары.

5. Жаңылтпаштар,жұмбақтар.

6. Ойын өлеңдер.

7. Ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мысалдар.

Дәрістің мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған жырлары, балдырғандарға арналған өлеңдерді талдату.

Дәрістің мазмұны:

Ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің де алтын діңгегі. Онда балалар үшін арнайы шығарылған көркем туындылар өте көп. Ең алдымен баланы ғажайып әлемге , ұшқыр қиял дүниесіне жетелер орасан күш. Жалпы, өнер тегі, генезисі – өмірлік шындық. Фольклор өткен ата – бабаларымыздың тарихынан, өмір сүру салты мен таным көкжиегінен сан алуан ақпар беретіндігімен бала үшін маңызды, оның қызығушылығын оятары сөзсіз. Демек, ауыз әдебиеті қай ұлт үшін болмасын балалар әдебиетінің бастауы саналады. Бастау болуымен бірге,фольклор балалар әдебиетін байытып отыратын қуатты қайнар бұлақ. Халық ауыз әдебиетінен сусындап, оны үлгі етпеген кәсіби жазушы жоқ және болмақ емес.

Екінші бір шығармалар балалардың өз өмірінен алынады. Олардың тапқырлықтарын, өжеттілігін, ерліктерін бейнелейді. Мысалы, «Тазша бала» ертегісі.

Бір сөзбен айтқанда, ауыз әдебиеті дегеніміз – адамзат қиялын ұштаған үлкен мектеп. Балалар фольклорының үлкен бір саласы.

«Бала тәрбиесінің бастауы – бесік жыры» деген орынды пікір. Дәстүрлі бесік жырларының құрылысы қарапайым, есте сақтауға жеңіл, айтуға оңтайлы келеді. Үлкендер өз жанынан шығарып, өздері орындағанымен, мұнда нәрестенің есту қабілетіне сай жұмсақ жұбату әуені басым. Мазмұнындағы тілек айту құлаққа сіңімді, баяу сазды әуенмен ұштасады.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған ойын-сауық кезінде өлең, әңгіме-жырлар ғана айтылып қойған жоқ. Ойын-сауық үстінде, жиналған жұртты күлдіру үшін, ауыз әдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері айтылған. Соның бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш айтқанда екі нәрсе ескерілетін секілді. Біріншіден, жиналған жұртты күлдіру, екіншісі - әрбір сөзді тез, шебер айтуға, тіл ұстартуға үйрету. Жаңылтпаштардың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған қырлы сөздерді орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе, онда күлкі боларлық, тіпті ұятқа соғарлық жағдайға әкеледі. Сондықтан ол әрбір сөзді жылдамдата тақпақтаумен қатар, нақышына келтіре мүлт жібермей, оралымын таба айтуға тиіс. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы: Есет атам ет асатар, Ет асатса, бес асатар.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Соны жастайынан бала құлағына құюға тырысқан. Жақсы өмірді аңсаған, қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Тыңдаған балаға тәрбие құралы болған. Ертегіде халық қиялы, арманы, даналығы, ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.

Ертегілердің хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар. Қай-қай ертегіде болмасын ондағы кейіпкерлер әртүрлі әрекеттер иесі болып суреттеледі де, солар арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, арамза, қу мінез-құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді. Көбіне ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет