8-апта
8-дәріс
Дәріс тақырыбы: 1940-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Қоғамдағы өзгерістер, Ұ.О.С жылдары
2. М.Әуезов, С. Мұқановтың әдебиетті дамытудағы рөлі.
3.Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндер еңбектеріндегі балалар өмірінің суреттелуі.
Дәріс мазмұны: М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркуйекте бұрынғы Семей облысы, Шыңғыс болысында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) туған.Оның атасы Әуез де, әкесі Омархан да арабша оқыған сауатты да ауқатты адамдар болған.
Болашақ ұлы жазушының алғашқы мұғалімі де – атасы Әуез болады.Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді. Әуез немересіне алғаш арабша хат танытып, оған өзінің досы Абайдың өлеңдерін оқытады.Әуез Абаймен құрбы, дос болған әрі ауылы аралас, қойы қоралас, көші-қонысы бір көрші болыпты.
М.Әуезовтың шығармашылық жолы 1917жылдардан басталады ( «Еңлік-Кебек»). 1918жылы ол Семейде «Абай» журналын шығарысады.Осы журналда ол әйел теңдігі мен ағарту тақырыбына бірқатар мақалдар жазады («Адамдық негізі әйел»).Әсіресе 20-жылдары ол шығармашылыққа ден қойып, көптеген көркем туындыларды дүниеге алып келді. М.Әуезов 1921ж. жазған «Қорғансыздың күні» мен 1928ж. жазған «Қилы заман» повесінің арасындағы розалық шығармаларының қай-қайсысында да Толстой Л. Мен Тургеневтің, Чехорв пен Горькийдің дәстүрінде адам әрекеттернің психологиялық дәлелдемелер мен бейнелеуге шебер екендігін байқауға болады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов өз шығармашылығында суреткерлік шеберліктің адам баласы шыға алатын ең биік шыңына дейін барды. Бұл жолда М.Әуезовке тән бірнеше суреткерлік дара қасиет туып, қалыптасты.Әлем ғалымдары ұлы жазушы талантына тән басты-басты толып жатқан сапалық белгілерді бөліп атайды.Олардың кейбірі мынандай: халық, адам өмірін, қоғам тарихындағы айрықша мәнді, маңызды құбылыстарды суреттеудегі эпикалық кең тыныс, нәзік әрі терең психологизм, интелект биіктігі, тіл құдіреттілігі, көркем әдебиеттің үш түрлі тегіне (эпос, лирика, драма) тән үш түрлі көркемдік әлемнің поэтикалық ажарын бір тектің немесе тіпті бір ғана шғарманың бойына сіңіру,т.б.
«Абай жолы» секілді әлем әдебиетінің асыл қорына қосылған эпопеядан жалпы өнерге тән белгілі қасиеттердің бәрін де табуға болады.Сәулет өнері ме, сурет өнері ме немесе мүсін өнері дейсіз бе, не болмаса әуез, театр өнері дейсіз бе – солардың бәрінің де элементтері, көркемдік-бейнелеуіш тәсілдері осы шығармада түгел жүр десе болады. Оның үстіне «Абай жолы» - өз аясында өнер мен ғылымды бірдей ұштастырған,асқан жарастықпен тұтастырған айрықша көркемдік үлгі.Бұл ретте «Абай жолын» әдеби тектер мен түрлер, өнер мен ғылым белгілерін тұтас қамтыған күрделі әдеби шығарма ретінде тануға тура келеді.Жазушы өз шығармасын аталған әдеби тектер мен түрлердің, өнер мен ғылым салаларының құрамасы, жиынтығы етпейді, оларды эпореялық біртұтас, бір ғана құбылыстың сегіз қырлы, бір сырлы күрделі сапалық қасиетіне айналдырады.М.Әуезов эпосының жанрлық , поэтикалық тұтастығы мен даралығы да осында.М.Әуезовтың эпопеясын оқу мен ұғу үшін оқушыны қоғамдық ғылымдар мен көркемөнердің барша саласын, барша түрін танып білуге бастайды.
1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңа жол» ауылында (бұрынғы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданында) дүниеге келген. Болашақ қаламгер әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Содан кейігі білім алған кезеңі – оның нағашы ауылындағы кезеңі. 1906ж. қара жұмысқа іліккен нағашысы Ғабитті ауылына апарып шаруасына бас-көз етіп қалдырады. Ол осы көрші ауылдағы екі класты орысша мектепте оқиды. Бұл мектепте Ғабитке белгілі ақын, ағартушы Бекет Өтетілеуов сабақ береді. Ол Ғабиттің қиссаға құмарлығын білгеннен кейін, оны әдебиетке тарта бастады. Келер жазда өз атынан өтініш жазып Ғабитты Пресногорьковская станциясындағы жоғары юастауыш мектебіне түсіреді. Орысшадан екі алып, есаептен бес алып оқуға түстім деп жазды кейін «Автобиографиялық әңгімесінде».
Бұл мектепті 1921ж. бітіріп шығады. Сол кездегі уақыт дүмпуіне лайық үлесін қосқысы келген Ғабит Мүсірепов аталмыш мектепті бітірісімен «Ақмола облысының оңтұстық партизандарының тобы» деген отрядқа қосылады, тоғыз ай военком, төрт жарым ай аудандық милиуия бастығының орынбасары болады.
Қазақ әдебиетінің тарихына ұлы суреткер ретінде енуіне негіз болған екінші бір фактор – оның Орынбор рабфагында оқуы және Омбы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқыған мерзімі деп айтуға болады.
1923ж. күзде белгілі ақын, жазушы С.Мұқанов Ғабитті Орынборға алып келеді. Осындағы жұмысшылар факультетінде оқытады. Осы жылдары ол Гоголь,Чехов,Горький шығармаларын оқып, аудара бастады. Осы рабфакты бітірер кезінде қабырға газетіне өзінің «Тулаған толқында» атты ұзақ әңгімесін жазады.Кейін ол повеске айналады (1928ж. жеке кітап болды). Рабфакты бітіргеннен кейін де әдебиетке ауысуға дауаламай Омбыдағы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі. Осы кезде ол әдебиетке шындап бет бұрады. Жеті студент ортадан жалдап, өзін Белинскийдің шәкіртімін деп санайтын қартаң бір педагогтан қыс бойы әдебиеттен сабақ алады. Осы кезден бастап, ол әдебиет майданына араласып кетеді.
Ол 1928-1938ж. аралығында баспа орындарында кеңес партия мекемелерінде жауапты қызметтер атқарады.Атап айтсақ «Қазақстан» баспасының деректоры, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып қызымет атқарады.БК (б) П Қазақстан өлкелік камитетінің бөлім меңгерушісі, өнер істер басқармасының бастығы болады.
Осы он жылдың ішінде оның қаламынан: «Қос Шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Жеңілген Есрофил» атты әңгімелер мен «Тулаған толқында», «Алғашқы адым» повестері және «Әдебиет айтысына», «Мен қалай жаза бастадым», «Мұхтардың хаты» сияқты т.б көптеген сын мақалалары жарық көрді.Осы шығармаларында Л.Толстой, Дж.Лондон, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький, В.Короленколардың ықпалы көп тигені байқалады.
1900ж. 22сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында қазіргі С.Мұқанов ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
1918ж. Шәйін Тілегенов, Хамит Махметов секілді жаңашыл мұғалімдерден білім алады. Осы жылдары «Көңілім», «Жалшының зары» сияқты өлеңдерін жазады.
1918-19ж. Омбыдағы мұғалімдер курсында бес ай оқиды. Бітірген соң аз уақыт ауылда мұғалім болады.
1919-22ж. Сәбит ел арасында астық жинау жұмысын жүргізеді.ЧОН-ның (төтенше отряд) құрамында ақ бандыларға қарсы соғысады.Ақмола губерниялық ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкім және Ақмола губерниялық комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарады.
Қазақ халқының бір белеңінен екінші белеңіне бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне өту жолын, жаңа заманның қарышты қадамын С.Мұқанов «Жұмаштың өлімі» (1923ж), «Альбом» (1924ж), «Ленин» (1924ж), «Бал бөпе» (1926ж), «Октябрь өткелдері» (1927ж), «Сұлушаш» (1928ж), «Ақ аю» (1935ж), «Жұпархан» (1965ж) секілі поэмаларында эпикалық қарыммен жырлады. Бұл поэмаларында кеше мен бүгін, өткен мен болашақ салыстырыла суреттеледі. «Ақ аю» республикалық крнкурста бірінші бәйге алған шығарма.
«Сұлушаш» орыс,француз тілдерінде аударылып, кейін пьесаға айналып, сахнаға қойылды. «Жұрапхан» поэмасы кейін балетке арқау болды. Дейтұрғанмен, бұларда қарапайым жырлаймын деп қарабайырлыққа ұрынып қалу көріністері де бар.
С.Мұқанов кең тынысты романшы ретінде де дүние жүзіне мәлім болды.Өрелі романдарымен қазақ әдебиетін байытты.1931ж. «Адасқандар» романын жазды. Ол қазақ прозасындағы тап тартысына құрылған алғашқы әлеуметтік-психологиялық романдардың бірі болды.Сәбиттің роман жанрындағы ірі табысы – «Жұмбақ жалау» (1938ж).Ол 1916ж. ұлт-азаттық күресті бейнелейтін толымды шығарма болды.Кейін екінші басылымда «Ботагөз» деп аталды.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ғажайып майдан мен тыл байланысы, бірлігін баяндайтын «Сырдария» (1947ж) романы «Қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің ірі табысы» (А.Фадеев) саналды.
Сәбит Мұқановтың өмірлік басты кітабы отыз жыл жызылған (1930-1960) «Өмір мектебі» трилогиясы. Бұл еңбегі үшін оған 1968ж. ҚазССР мемлекеттік сыйлығы берілді.Сонымен қатар ол – драматург. «Ақан мен Зейра» (1936ж. М.Әуезовпен бірігіп жазған), «Қашқар қызы» (1958ж),т.б. пьесаларын жазған.
«Мен дүниеге келген кезде, қазақ өлгенін, туғанын қағазға жазбайтын.Әке-шешемнің жыл қайырып айтуынша, 1902 жылы тусам керек» - дейді Ғабиден Мұстафин өзінің өмір белестері туралы айтқанда. Жас кезінде ауылдағы молдалардан дін сабағын оқыған болашақ жазушы 1916ж. Спасск заводында табельщик болып істейтін Мауқымның Жүсібі дегеннен бір жыл орысша оқиды. Екінші жылы сол заводтағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне келіп түседі.
Ғ.Мұстафин «Еңбекші қазақ» газетінде ұсақ хабарларды және басқа материялдарды С.Сейфуллин мен С.Мұқановтың жол көрсетуі бойынша жазады.Өзінің айтуына қарағанда, Ғ.Мұстафин ол кезде жазушы еңбегінің маңызын да, сырын да түсінбеген.Ғ.Мұстафиннің Қызылордада шығатын «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде тұңғыш рет жарық көрген тырнақалды еңбегі «Таң келеді» деп аталған.Автордың кейіпкері шаруа болады. 1927-1928ж. «Жыл құсы» журналында Ғ.Мұстафин «Сәрсен мен Боқаш» деп аталатын алғашқы әңгімесін жариялайды. 1928ж. С.Мұқанов Ленинград университетіне оқуға кеткенде, Қазақстан жазушылар одағының секретары қызмеінде қалады. 1929ж. «Ер Шойын» атты әңгімелер жинағын баспадан шығарады.
Ғ.Мұстафин еңбегіне жауапты, ардақты, кең мағынасындағы халықтық еңбек деп қарайды.Жазушының ұстанған қағидасы бойынша, бұл орайдағы табыстардың кілті – қаламгердің өмірді, өз шығармаларына негіз етіп алатын өмір құбылыстарының сыры мен мәнін мейлінше кең және терең, қапысыз Тани білуінде.Жазушы әдеби шығарманың образдық жүйесіне, әсіресе ондағы әр сөздің тек қана өз орнында тұруына ерекше назар аударған. Қаламгер халық тілін жете білгенде де, халықтың сөз үлгілеріне қанық болғанда да, шебер емес, жинаушы ғана екендігін айта отырып: «Шеберлік – сөздің орнын табуда, мөлшерін білуде. Мұны білгеннің әр сөзі алтын», - деп тұжырымдады.Бұл тұжырымдар жазушының өзгеге айтқан ақыл-кеңесі ғана емес, өзінің жазушылық өнерінің мәні мен мағынасын, суреткерлік нысана- тұрғысын анықтайтын азаматтық позициясы да.
Ғ.Мұстафин 1985ж. 20-қаңтарда дүниеден өтеді. Ал жазушының ойы мен сезімі, қуанышы мен реніші, арманы мен тілегі – бәрі де оның шығармаларында қалды.
Ғабиден Мұстафин – артына өлмейтұғын сөз қалдырған жазушы.
Достарыңызбен бөлісу: |