Сабақ кестесін жасаңыз


Суреттен ішкі секреция бездерінің аты, бөлінетін гормон, қызметінің бұзылысы кезінде пайда болатын ақаулар туралы жазыңыздар



бет11/21
Дата12.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#67222
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
КЯЛ, ФИЗИОЛОГИЯ СЕССИя❗❗❗

Суреттен ішкі секреция бездерінің аты, бөлінетін гормон, қызметінің бұзылысы кезінде пайда болатын ақаулар туралы жазыңыздар


Жалпы алар болсақ ішкі секреция бездерін зерттейтін ғылым-эндокринология деп аталады. 18555 ж-« ішкі секреция» ұғымын француз физиологы К.Бернар алғаш енгізді. 1905 ж-алғаш рет ағылшын физиологтары ғылымға «гормон» (грек-қоздырамын, оятамын) терминін енгізуді ұсынды.
Эндокриндік жүйені 3 топқа бөлеміз
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері)
Ішкі секреция бездері ( гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері)
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі)
Ішкі секреция безімен сыртқы секреция бездерінің айырмашылығы:
Ішкі секреция безі:
Бұл безден гормон бөлінеді
Арнайы түтігі болмайды, өз секретін (сөлін) тікелей қанға лимфаға бөліп отырады.
Сыртқы секреция безі:
Бұл безден фермент бөлінеді
Арнайы түтікшесі болады, сол түтік арқылы өз секретін (сөлін) мүшелерге, мүшелер қуысына, кілегей қабықша бетіне бөліп отырады.
Гармондар-ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып бөлінеді.
Гормондардың қасиеті:
-Гормондар дистантты түрде әсер етеді.
-Арнайы әсер
-Био-физиологиялық белсенділік
-Әр түрге арнайшылық
-Тек тірі жасушаларға әсер етеді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондардың қызметі:
Соматотропты-өсу гармоны. Жас ағзада гиперфункциясы дамитын болса алыптық дамуы мүмкін, қарт кісілерде –акромегалия. Гипофункция кезінде-ергежейлік.
Акромегалия-аяқ-қол сүйектерінің үлкен болуы
Пролактин-лактогенді гормон, маммотропин сүт бездері тіндерінің өсуіне және сүттің пайда болуына жауапты.
Тиреотропин-қалқанша безі қызметін ынталандырады.
Гипофиз (өсу гормоны)- бөлінетін гормон: тиреотропин, соматотропин. Ерекшелігі: Пішіні үрмебұршақ тәрізді. Ересек адамдарда салмағы 0,5-0,6 г. Гипофиз-безді және жүйке ұлаларынан тұрады.
Егер гормондар аз бөлінсе-ергежейлік
Егер гормондар көп бөлінсе-акромегалия
Қалқанша безі гормондары:
Тиреокальцитонин-кальцийлік алмасуды реттейді (қандағы кальций деңгейін және сүйек тінінен босап шығуын төмендетеді)
Тироксин және трийодтиронин:
Ағзадағы барлық алмасу түрін жылдамдатады
Қышқылдану процесін күшейтеді.
Энергетикалық алмасу мен қозғалыс белсенділігін және психикалық үрдістердің ырғағын күшейтеді.
Жүрек соғу жиілігін, тыныс, тершеңдікті күшейтеді.
Қалқанша безі қызметінің бұзылуы алып келеді:
Ергежейлік балаларда
Микседема (шырышты қабаттың ісінуі) ересектерде
Эндемиялық жемсау- йод жетіспеушілігі әсерінен қалқанша безінің үлкеюі
Базедов ауруы-диффузды токсикалық.
Гигиеналық талаптар
Мектептің үйі мен бөлмелері белгілі бір гигиеналық талаптарға сай болуға тиіс. Мектеп үйіне қойылатын негізгі гигиеналық талап – онда сапасы жақсы ауа ортасын, жылу және жарық режимін қамтамасыз ету. Мектеп үйінің гигиеналық құрылысының қолайлық мәселесі, яғни оның этаждылығы, жоспарлау принциптері, жеке бөлмелердің орналасуы, басқыштардың құрылысының да және т.б. маңызы кем емес. Мектеп үй-жайлары өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай оқу үйлері, көмекші үйлер, тұрғын үйлерге бөлінеді. Мектеп үйіне қойылатын аса маңызды бір гигиеналық талап – онда сапалы ауаның болуы. өзінің сапасы жағынан ластанбаған атмосфераға жақындайтын немесе оған толық дерлік сәйкес келетін ауа сапалы, гигиеанлық жағынан жарамды ауаға саналады. Мектеп үйі гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі – сынып бөлмелерінің жақсы жарықталуы. Сынып бөлмелеріндегі дұрыс жарық режимінің бәрінен бұрын көру зейінін қорғауда мәні бар. Мектеп оқушыларының оқу жұмысы көздің едәуір зорланып жұмыс істеуімен байланысты. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда көру органына түсетін күш артады да, алыстан көре алмаушылықтың пайда болуына жағдай жасалады. Сонымен қатар сынып бөлмелерінің жарық болуы мектеп оқушысының жүйке жүйесіне де жақсы әсер етеді.
Суретте не көрсетілгенін анықтау.
1.Эпифиз
2.Гипофиз
3.Қалқанша маңы безі
4.Айырша без
5.Бүйрек үсті безі
6.Ұйқы безі
7.Жыныс бездері
8.Жыныс бездері
Қорытынды
Адамның ішкі органдарына тек жүйке жүйесі ғана емес, ішкі секреция бездері де басқаруға зор үлесін қосуда.Қазіргі таңда ішкі секреция без аурулары бойынша өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда. Және оған шалдыққан науқастар жас таңдамайды. Ішкі секреция бездерімен ауыратын науқастар өз беттерімен емес, арнай дәрігердің көмегімен емделуі тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет