Сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау


Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар



бет3/7
Дата20.02.2023
өлшемі41,46 Kb.
#69375
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
температуралық режім;
ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);
кабинетті дұрыс жарықтандыру;
шаршағандықтың алдын алу;
іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау (тыңдаудан есептеуге, графикалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
ауысу);
дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу; - оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау; - сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы.
Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:
сабақ эмоциялы болуы керек, оқушының оқуға
қызуғышылығын тудырып, білімге құштарлығын тәрбиелеу керек;
сабақ қарқыны мен ырғағы қолайлы, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері аяқталып отыруы қажет;
сабақта педагогикалық әдеп және оптимизм сақталып, мұғалім мен оқушылар арасында толық әрекеттестік қарым-қатынас болуы қажет;
қайырымдылық пен белсенді шығармашылық еңбек атмос- ферасы басым болуы қажет;
оқушылардың іс-әрекет формаларын мүмкіндігінше ауыстырып отыру керек, әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолайлы түрде үйлестіру қажет;
мектептің бірыңғай емлелік (орфографиялық) режімін ұстануды қамтамасыз ету.
2.5. Информатиканы оқытуды жобалау
Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады [13].
Жанама дайындық мұғалімнің білім, әсер, тәжірибе жинақтауымен, мәдениетпен шұғылдануымен, бүтіндей қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерінің дамуымен байланысты. Бұл үрдістер әдебиеттерді оқу кезінде, телебағдарламалар, кинофильмдер қарау, театрлар мен мұражайларға бару, әңгімелесу кезінде өлшеусіз және еріксіз жүреді. Жанама дайындыққа іргелі ғылыми негіздерді және пән мұғалім-ұстаз үшін базалық ғылымның жаңа жетістіктерін және де онымен шектес басқа да ғылым салаларын оқуды жатқызуға болады.
Курсты немесе курс бөлімін оқытуға тікелей дайындық бағдарламаларды, кітаптарды, оқу құралдарын, ғылыми және әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады.
Тікелей дайындықтың міндетті элементі – оқытуды жоспарлау, ол білім беру үрдісін ұйымдастырудың ең маңызды кезеңі болып саналады.
Жоспарлаудың төрт түрі бар, нәтижесінде олардың әрқайсысына сәйкес жоспар болады. Олар: білім беру мекемесінің жұмыс жоспары және оқу бағдарламасытақырыптық (күнтізбеліктақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі жоспарлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет