Сабақ конспектілері каз 1-Дәріс. Сандық әдістер пәніне кіріспе. Қателіктер теориясы



бет4/32
Дата06.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#15152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Лекция Сандык адистер даристер каз

1.2.5. Сандарды жуықтау

Ереже.

Санды n мәнді цифрларға дейін жуықтау үшін n-ші мәнді цифрының оң жағында тұрған барлық цифрларын алып тастайды, немесе, егер барлық разрядтарды сақтау керек болса, (бүтін сан жағдайында) оларды нөлдермен алмастырады. Бұл жағдайда, егер алып тасталған цифрлардың сол жағынан біріншісі 5-тен үлкен немесе тең болса, онда соңғы қалдырылған цифрды бірге арттырады.


1.2.5. Дұрыс белгілердің негізгі ережелері

Ереже 1.

Егер бастапқы берілген шамалар саны көп болмаса, онда жазбасында барлық цифрлары дұрыс сандардың жуық мәндерінің алгебралық қосындысында, (көбейтіндісінде, бөліндісінде) құрамында ондық белгілері ең аз санның қаншалықты ондық белгілері бар болса, сонша ондық белгі қалдыру керек. Жалпы, бастапқы берілген сандарды қоспас (көбейтпес, бөлмес) бұрын оларды алдын-ала дөңгелектеу керек, бұл жағдайда, құрамында ондық белгілері ең аз санның қаншалықты ондық белгілері бар болса, қалған сандарда содан бірге артық ондық белгі қалдыру керек.



Ереже 2.

Санның жуық мәнінің квадрат немесе куб дәрежесін, сол сияқты квадрат немесе куб түбірлерін есептегенде, дәреженің түбірінде немесе түбір астындағы санда қанша дұрыс цифр болса, нәтижеде сонша дұрыс цифр қалдыру керек.



Ереже 3.

Сандардың жуық мәндерімен амалдарды тізбектей орындау барысында аралық нәтижелерде жоғарғы ережелерде айтқаннан бір цифр артық қалдыру керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет