§78. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas, kvars, konstıtýsıa, korporasıa, seh; senarı, sıofıt, abses, absısa, plebısıt.
Е с к е р т у. Қатар келген ц әрпі ts тіркесі арқылы таңбаланады: pıtsa, Nıtsa.
§79. -тч дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі т әрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach.
§80. щ әрпі төл сөздерде shsh әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде sһ әрпімен таңбаланады: ashshy, tushshy, keshshe; ýchılıshe, praporshık.
§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, epopeıa, poetıka, koefısent.
Е с к е р т у. -оэ әріп тіркесімен аяқталатын сөзде э әрпінің орнына ı жазылады: aloı, kanoı.
§82. ю әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıý әріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ú әрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған ю орнына у́ жазылады: qıý, kıý, dıý.
§83. я әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ıa әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı, qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́ арқылы таңбаланады: akýmýlа́tor, mýláj, zarа́d, kalkýlа́tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa.
Достарыңызбен бөлісу: |