1 сабақ
Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл
Грамматикалық тақырыбы: Латын әліпбиінің тарихи кезеңі
Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру.
Жұмыс жоспары
Грамматикалық материалды енгізу.
Өтілген материалды бекіту.
Өтілген материалдың меңгерілуін бақылау, тапсырмаларды орындау.
Активті және интерактивті әдістерге орындалатын тапсырмалар.
Мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасында Тіл туралы Заң қабылданып, 1990 жылдың 1- шілдесінен бастап күшіне енді. Осыған байланысты елімізде қазақ тілін және ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарлама жасалды. Осы бағдарлама бойынша Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану іс қағаздарын осы тілде жүргізу жөніндегі түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдерінің тобынан шыққан. Түркі тілдерінің тобына:қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ноғай, татар, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр, тува, башқұрт, саха(якут) тілдері жатады.Бұл тілдегі халықтар бір - бірімен емін-еркін түсінесе алады. Сондықтан бұл тілдерді туыстас тілдерге жатқызамыз.
Қазақ тілі өзінің көп ғасырлық даму барысында рулық, тайпалық тіл дәуірлерін басынан кешірді. Осы ұзақ замандар бойы қазақ халқының пікір алысу қажетін өтеумен қатар, оның рухани байлығын ауыз әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа уызша жеткізді.
Грамматикалық тапсырмалар.
Латын әліпбиінің тариxи кезеңі.
Әлемде 200-ден астам мемлекетте әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Олар түрлі дінде, өзгеше бір-бірінен ажыратылып тұратын тілде сөйлейді. Бұл заңды құбылыс. Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған.
Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.
Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.
Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын алфавитіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Ал, 1929-1940 жылдары латын алфавиті Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен кириллицаға көшті. Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды. Бірақ, енді мынадай мәселелер туындап келе жатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи алама, - деген заңды сұрақ қойлып келеді. Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті.