Сабақ мақсаты : Қан және лимфа айналымының бұзылыстарымен танысу. Жоспар : Тромбоз Эмболия



Дата19.10.2023
өлшемі16,73 Kb.
#119225
түріСабақ

5 –тақырып. Тромбоз.Эмболия.Тромбтың морфологиясы.
Сабақ мақсаты: Қан және лимфа айналымының бұзылыстарымен танысу.
Жоспар:

  1. Тромбоз

  2. Эмболия

1. Тромбоз - тамырларда немесе жүрек қуысында өмір сүру барасында қанның ұюы. Тромбтар, жүректің әлсіз жиырылуы кенет көрінсе, жеткіліксіз жүрек өскінділерін марантикалық(іркілдек)деп атайды. Олар перифериялық венада дамуы мүмкін. Тромбтың дамуына қанның химиялық құрамы ықпал етеді: қатаңдисперсті ақуыз, фибриноген, липидтер(қатерлі ісік жағдайында, атеросклерозда).


Өмір сүру барысындағы тромб, өлгеннен кейінгі ұюға қарағанда, әркелкі беткейлікке, тығыз консистенцияға ие болады, тамыр қабырғасында бекітілген. Өлгеннен кейінгі ұю жұмсақ, жылтыраған беткейлікке ие болып, тамырдан оңай алынады.
Тромбтың дамуы 4 сатыдан тұрады:
1. Тромбоциттер агглютинациясының фазасы
2. Фибриноген коагуляциясының фибринге айналуы
3. Эритроциттер агглютинациясы
4. Плазма нәруыздарының препитациясы.
Тромбтар даму және пайда болу орнына байланысты болады:
1. Ақ - артерияда кенет қан ұюда дамиды. Олардың құрамынатромбоциттер, фибриндер, лейкоциттеркіреді.
2. Қызыл -венадағы баяу қан ұюда дамиды. Тромбтың құрамына тромбоциттер, фибриндер, эритроциттер кіреді.
3. Аралас(қабатты) - бастан, денеден, құйрықтан тұрады.
4. Гиалинді тромбтар - микроциркуляторлық арнада ең жиі кездесетін нұсқа.
Эритроцит, тромбоцит, ақуыз преципитаттарының бұзылуынан тұрады. Дәл ақуыз преципитаты шеміршекке ұқсастыра құрайды. Бұл тромбтар артериоллалар мен венулаларда кездеседі.
Тамырлардың ойықтығына байланысты тромбтарды бөледі:
1. Тығындалған(бітелген), тромбтың массасымен тамыр тығындалған;
2. Қабырғалық;
3. Жүрек камераларында және аневризмаларда тромбтар дөңгелек пішінді болады.
Эмболия - қалыпты жағдайда кездеспейтін, қан ұюмен немесе лимфа ұюменалмастырылатын, бөлшек және олардың тамыр ойықтарын тығындауы. Қан айналым айналысы бойынша эмболиялар негізгі үш қозғалыс бағытында кездеседі:
- Ортогдатты эмболия - сол жүректен шыққан қан ұюы артерияльды жүйеде тоқтайды;
- Ретроградты эмболия - қан ұюына қарсы;
- Парадоксальды - қанайналымның үлкен айналымынан жүрекаралық немесе асқазанаралық қалқанның ақауы арқылы, өкпеге зиян келтірмей, қанайналымның үлкен айналысына өтеді.
Сипатына байланысты 7 түрге бөлінеді:
1) Тромбоэмболия - өкпе артериясының ең үлкен эмболиясы;
2) Майлы - теріасты өзегінің көбеюі, сүйек миына, ұзын түтікше сүйек сынығында, майлы дәрі-дәрмекті ішке енгізу;
3) Ауа эмболиясы - қылтамырлардың ауамен тығындалуы, өкпе венасының зақымдалуы;
4) Газ эмболия - қанда еріген белгілі бір газдың бөлектеніп шығуы нәтижесінде қылтамырдың сол газбен тығындалуы;
5) Ұлпалы эмболия - эндокардиттік жарада, ракта;
6) Микробты - микробтар, саңырауқұлақтар, паразиттер;
7) Бөгде денешіктер эмболиясы.
Әдебиеттер:
1 Жұмабеков Х.С. Дербышев К.Ю. Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Алматы – 2011.
2 Ығыманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы – 2010.


Бақылау сұрақтары:
1 Тромбоз:анықтама, себептері.
2 Эмболия:анықтама, себептері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет