Мерзiм: 15.04.2022
Мұғалiм: Жаримбетова Жадра Сеиткасымовна
Сынып: 8 «Ә»
Оқушылар саны: 24
Тақырып: «Асанбай Асқарұлының өмір жолы мен ерен еңбегі»
Сабақ мақсаты: Асанбай Асқарұлының 100 жылдығына арналған мерейтойлық шараға байланысты өмір жолы мен ерен еңбегі туралы балаларға түсінік беру.
Міндеттері:
1.Оқушыларға ерең еңбегін түсіндіру.
2. Өмірбаянын таныстыру.
3.Қызмет жолын саралау.
Ресурстар:(Интернет, оқулық,дәптер ) Білемін, Білгім келеді
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Шаттық шеңбері: Қайырлы күн, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын.Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып, бір-бірлеріңе ең жақсы деген тілектеріңді айтыңдар.
Мұғалім: Айтқан тілектерің бәрімізді қуанышқа бөледі. Енді осы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайық.
5Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5.Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Сұрақтар: Асанбай Асқарұлы Асқаров қай жылы дүниеге келді?
-Атасы кім болған?
- Асылбек би 1916 жылы қандай көтеріліске қатысқан?
- Әкесі Асқар қай жылы қайтыс болған?
Оқушылармен осы сұрақтарды қою арқылы біраз әңгімелесу.
Мұғалім: Ардақты балалар, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Асанбай Асқарұлының өмір жолы мен ерен еңбегі» туралы сабағымызды бастаймыз.