Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру


Гормондар және гуморальды реттелу



бет5/5
Дата31.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#46366
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ashyq-sabaq-8-synyp-qysqa-merzimdi-zhospar

Гормондар және гуморальды реттелу.
Гормондар – ішкі секреция бездері бөліп шығаратын, ағза мүшелерінің қызметін өзгерте алатын биологиялық белсенді заттар. Ағза қызметінің гормондар және де басқа заттар арқылы
реттелуі қан арқылы жүзеге асады. Реттелудің бұл түрі гуморальды деп аталады.
Эволюция барысында ағза жұмысының гуморальды реттелуі жүйке жүйесі арқылы реттелуден бұрын пайда болған. Мұхиттарда тіршілік еткен біржасушалыларда да, төменгі сатыдағы өсімдіктер – балдырларда да ағзаға әсер ететін басты
сигнал оларды қоршаған, сырттан келетін су еді. Демек, алғашында ағза жұмысының гуморальды реттелуі кез келген
сұйықтық арқылы жүзеге асатын болған. Сондықтан гуморальды (лат.гумор – сұйықтық) реттелу деген термин ағзаның ішкі ортасы (қан,лимфа, жасушааралық сұйықтықтар) арқылы реттелу деген мағынаныбілдіреді.

Басқа да омыртқалылар сияқты адамдардың гормондары да ішкі секреция бездерінен түзіледі. Мұндай заттар өсімдіктерде де, кейбір омыртқасыздарда да түзіледі. Өсімдіктер ағзасында фитогормондар әртүрлі мүшелерден түзіледі. Өсімдіктердің өсуін, дамуын реттейтін гормондарды бүршіктер мен


камбий т.б. түзуші ұлпалардың жасушалары түзеді. Ал жемістердің түзілуін реттейтін гормондар пісіп-жетілген жемістерден түзіледі. Бунақденелілердің тіршілігінде өсуі мен дамуын реттейтін, олардың түлеуін жүзеге асыратын гормондары маңызды рөл атқарады.

Гормондар – ағзаның және жасушалар тобының қызметін өзгертетін, бір мезгілде бірнеше үдеріске әсер ететін арнайы заттар. Мысалы, көңілкүй гормоны – адреналин. Ол жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі сияқты жүректің соғу жиілігін арттырады, қан қысымын көтеріп, жүректің капиллярларын кеңейтеді, терінің және асқорыту мү шелер жүйесінің капиллярларын тарылтады, энергия көзі болып табылатын қанның құрамындағы глюкоза мөл ше рін арттырады және т.б.


Гуморальды реттелуден басқа біздің ағзамызға жүйкелікреттелуде (ми мен басқа да орталық жүйке жүйесінің бөлімдері арқылы) тән. Ағзаның барлық мүшелерінің жұмысына эндокриндік және жүйке жүйесі бірлесіп әсер етеді. Олардың қызметтері бірін-бірі толықтырып отырады,
демек, ағза мүшелерінің қызметі нейрогуморальды жолмен реттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет