Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#46366
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ashyq-sabaq-8-synyp-qysqa-merzimdi-zhospar



САБАҚ: § 41. Гормондар
арқылы гуморальды реттелу

Мектеп:Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исаева Айгуль Оразбаевна

Сынып 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты:

8.1.7.4 – эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау. Бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру

Сабақ мақсаты:

1.Барлық оқушылар: эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру

2.Оқушылардың басым бөлігі: эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтайды.

3 . Кейбір оқушылар: эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді

Бағалау критерийлері:

1.Эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру
2. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтайды.
3. Эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездердің айырмашылықтарын және олардың мысаларын ауызша жазбаша түрде түсіндіріп сипаттай алады
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
гормондар, эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездер, тер безі, сілекей безі, бүйрекүсті безі, ұйқы безі, ұйқы безінің өзегі, без, секрет бөліп шығару, өзек
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Эндокриндік бездерде...болмайды
Эндокриндік бездер сөлін тікелей...бөледі.
Экзокриндік бездер сөлін ...бөледі.
Аралас бездерде...,... болады.
Экзокриндік бездерге ...,...,... жатады.
Аралас бездерге ...,...жатады.

Сабақтың
құндылығы

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Алдың. Білім

8.1.7.3 – көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

Пән аралық байланыс

Музыка , әдебиет













Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы ұйымдастыру кезеңі
10 минут



Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып Абайдың 175 жылдығына «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындатып жақсы көңіл күймен топқа біріктіріп
Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Мақсатым өткен сабақты қайталау.
1. Көру рецепторлары көздің қай қабатында орналасқан??
2.Таяқша тәрізді жасушалар мен құтыша тәрізді жасушаларға сипатама бер?
3. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын айт?
ҚБ. Жұлдызша стикер арқылы бағалау
Жаңа сабақ тақырыбын видео көрсетілім арқылы ашамын.
Адам ағзасының қызметін қандай мүшелер жүйесі реттеп отырады? Барлық жануарларда бұл ағзалар жүйесі жақсы дамыған ба?




Ортасы 20 минут

Мозайка әдісі арқылы топқа біріктіремін. Оқушыларға суреттер ұсынамын оқушылар суретке қарап қай безге жататынын ажыратып сол топқа жайғасады.
Жаңа тақырып ашылған соң топ басшыларына тақырыпты бөліп беремін. Топта ДЖИГСО әдісі жүзеге асады. Топ басшылар тапсырманы құрдастарына бөліп береді. Тақырыпты меңгертуге 5 минут уақыт беремін




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет